11 сәуір 2014 | 11:39

"Қыналы қар" деп қырылып қала жаздадық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Кешкісін бір сәт те болса көңіл көтерерлік күй іздейді көрермен. Алайда отандық өнімдердің арасында талғам таразысына сай келетіні кемшін. Сол себептен де өзгенің өніміне телмеңдеуге мәжбүр. Шетелдің шұбатылған шерудей бітіп болмайтын сабын сериалдары өміріміздің бір бөлшегіндей боп кеткенін несіне жасырайық. «Жаман үйді қонағы билейдінің» кері. Түрік пен кәріс сериалдарының дәуірі басталғанда «Асау жүрек» болып аңырадық, «Қыналы қар» деп қырылып қала жаздадық, «Шехризат» деп көкірегіміз шерге толды. Сонымен қазекем сериал атты созылмалы ауруға қашан шалдықты?

Иконка комментария блок соц сети

Бәрі де соноу 90-шы жылдары «Байлар да жылайды» телесериалынан басталса керек, Марианна деп көк жәшікке үңіліп өліп қала жаздадық. Байлармен қосылып бәріміз жылап кеттік. Үнемі қайталанатын өмірлік коллизиялар. Өз өмірінен түңілген, өзгеден жеңілген, жалғызсыраған адамдардың өкінішіндегі минор нотасымен нүкте қойылатын ауыр сериалдар. Бірақ біздің көрермен күшті кино көрсеткен арнаға арқандаулы. Сериал көрсетуден бүгінде «Астана» телеарнасы алдына қара салмай тұр. Күніне 10 сағат! Арасына отандық «Тағдыр» атты сериалды қыстырып қойған. Ұят болмас үшін! Көрерменді көк жәшікке көгендеп қойған нендей жұмбақ? Әрине түрік пен кәрістердің режиссерлерінің, актерлерінің, сценаристерінің мықтылығы. Әсіресе актерлерінің жан-тәнімен беріле ойнайтындығы көрерменді баурап алған. Бұрын үнді киносын көріп көз жасына ие бола алмай отыратын сериалмэндер бүгінде осы екі елдің киносымен қосыла жылайтын болған. Оларды да қазір өз ағамыздай көретін болдық. Тап бір ағайынымыз сияқты. Дәмді ас жесек «қолыңыз дерт көрмесін» дейтін болдық. Балаларымыздың бәрі Жумонг болып қылыштасушы еді, енді бүгінде Хожун болып тәуіпшілік жасайтынды шығарды. «Сұлтан Сүлейманды» көргелі бері хазретлери деп таңдайы тақ-тақ еткен баланы көріп таң қалғаннан талып қала жаздайтын дәрежеге жеттік. Бозбалаларымыз Ку чун Пе дай шашын жалбыратып өсіріп алатын болды. Тіпті боянатын бозбалаларымыз да пайда бола бастады. Тойда торт әкелінгенде шамды өшіретін болдық. Кәрістердің салты. Ұзатылатын қыздың артынан жұлынған раушан гүлдерінің сабағын шашатын болдық. Бұл да кәрістердің салты. Ұзатылатын қызымыздың иығына қызыл орамал жабатын болдық, Түріктің салты.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети