30 қыркүйек 2014 | 09:42

Қытай болмаса қазақ жалаң аяқ қалар ма еді...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

Біз осы аяғымызға не киіп жүрміз? Бұл сауалға жауапты алыстан іздеудің қажеті жоқ. «Salvatore», «Dior», «Bufallo» киетін бай-бақуаттылар болмаса, қалғанымыз қытайдың шәркейімен шапқылап жүргеніміз айдан анық.


Иконка комментария блок соц сети

Біз осы аяғымызға не киіп жүрміз? Бұл сауалға жауапты алыстан іздеудің қажеті жоқ. «Salvatore», «Dior», «Bufallo» киетін бай-бақуаттылар болмаса, қалғанымыз қытайдың шәркейімен шапқылап жүргеніміз айдан анық.

Соңғы деректер бойынша бізге келетін аяқ киімнің 75 пайызы қытай елінікі. Қалғаны Ресей мен Түркиядан. Одан арғысы бағасы қымбаттау болса да бренд деген аты бар АҚШ, Германия, Италия, Голландиядан жеткізілуде. Адам жалаңаяқ жүре алмайды. Жазғысы бар, қысқысы бар жыл сайын пәлен бәтеңке мен туфлиді тоздырамыз. Мұны жақсы білетін шетелдіктер сапасыз өнімді тықпалаудан танар емес. Әрине, олар біздің аяғымызды ойлап жатқан жоқ. Майлы шелпектен кім айрылғысы келеді дейсіз. Осыншалықты «аяқтан қалуымызға» өзімізді ғана кінәласақ болады. Бір кездері күллі Қазақстанды аяқ киіммен жарылқаған «Жетісуды» жаптық. Шымкенттегі «Восход», Ақтөбедегі, Қызылордадағы аяқ киім фабрикалары да алдыңғысының кебін құшты. Қазір республикада аяқ киім тігетін 100-ге жуық шағын кәсіпорын бар деседі. Бірақ, масқара болғанда олардың өнімі ішкі қажеттіліктің 1 пайызын ғана қанатағаттандырады екен. Онда да бұлар негізінен мұнайшылар мен құрылысшыларға қажетті арнаулы аяқкиім шығарады. Яғни, ірі компаниялардың тапсырысын орындаумен шектеледі.

Жалпы, тігіншілік қазаққа таңсық кәсіп емес. Төрт түлік малдан ішер асы мен киер киімін айырған ағайынның ата-дәстүрден біраз ажырап қалғаны ғана қынжылтады. Кезінде мал шаруашылығымен айналысқан Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүн-жұрқа, тері-терсек атаулы іріп-шіріп жатыр. Мал баққан жұрт «жүнді ешкім алмайды» деп еңірейді. Соңғы кездері шіріп жатқан жүнді өртейтін болдық. Барды ұқсата алмасақ енді қайтпекпіз. Шикізатты Қытайға су тегінге сатқанымызға риза боп жүргендейміз. Жыл сайын Қазақстан Қытайға 2 млн ірі қараның, 5,5-6 млн ұсақ малдың терісін экспорттауда. Ал статистика мына жайларға қанықтырды. Жыл сайын бізде 500 мың тоннадан артық мақта өнімдері, 30 мыңға жуық тонна жүн, 7,5 миллион тонна тері өнімдері жиналады екен. Бұлардың түгелі дерлік шикізат күйінде шетел асады. Себеп біреу...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети