Біраздан бері Семей полигон аймақтарына инвесторлар тарту жайы қызу талқыға түсіп жүр. Қайсыбір мінбелерде осы мәселе қолдау тауып жатса, енді бір тарап «елдегі полигон аймақтары толық залалсыздандырылып біткен жоқ. Демек ол аймақтарды қолданысқа берудің табысқа жетелейтініне сену қиын» деген пікірлерді де алға тартады. Байқауымызша, біздің елдегі полигон аймақтарына іргедегі Қытай халық республикасының инвесторлары инвестиция салуға бейіл танытып отырған көрінеді. Ал енді бұлайша полигон аймақтарына инвесторлар тарту тиімді ме? Полигон аймақтарына салынған инвестиция өзін-өзі ақтай ма? Жалпы, мұндай аймақтар қолданысқа беруге даяр ма? «Алаш айнасы» осы мәселенің түп төркініне үңіліп көруді жөн көрді.

Ұлттық ядролық орталықтың директоры Қайрат Қадыржановтың Семей ядролық полигон территориясының 95 пайызын ауыл шаруашылығына пайдалануға беруге болатынын сөз еткелі біраз уақыт болды. Қадыржанов мырзаның айтуынша, Семей полигон аймағының 95 пайызын шаруаларға қолданысқа беруге болады. Ал қалған 5 пайыз жер ол тікелей ядролық сынақ жасалған жерлер «бұл аумақтар жабық болуы тиіс».
Сөйтіп, ұлттық ядролық орталықтың біраз жылғы зерттеулеріне сүйенсек, бүгінде аталмыш полигон аймақтары 95 пайызға залалсызданып болған. Оған инвестиция тартуға да, ол жерлерден шаруа қожалықтарын ашуға да болады. Тіпті полигон аумақтарын сауықтыру мақсатында ядролық сынақ болған өңірлерде экстремалды туристердің саяхатын ұйымдастыру да қолға алуға болады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.