Фэйсбук әлеуметтік желісінде айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева парақшасында «ЭКСПО-ның жақсысы жақсы ғой... Бір жаман жері қаптап келіп жатқан шетелдіктердің көбісінің жетегінде қазақтың қыздары жүр... Күнде байқаймын» дейді... Жан ауыртарлық-ақ ахуал. Соңғы кездері шетелдіктердің етегін ұстаған қазақ қыздары күрт көбеюде. Оған әлеуметтік желілердің бірінде заңгер Есберген Алаухановтың да алаңдаушылық білдіргені дәлел. «Надо всем подумать. Сегодня можно часто встретить наших казахских девушек в сопровождении иностранцев. Особенно, с лицами кавказской национальности. Чем обусловлен их выбор? Может они лучше ухаживают? Или же суть в другом? Почему в других странах такое не позволительно? Где наши казахские джигиты? Почему они спокойно смотрят на то, как уводят наших красавиц? Давайте, поразмышляем!».

Қанша жерден ойлансақ та, бұл ұлт үшін абырой алып бермесі анық. Қашан да «біреудің қаңсығы біреуге таңсық көрінген заман». Атырауға мұнай қуалап келген арабтарға да, Алматыға нәсіп іздеп келген түріктерге де, Ақтөбеге бизнес қамымен келген кәрістерге де, ауа жайылған қытайларға да қыздарымызға көз сүзуде. Бір ағамыз «қазақ қызы маймылдан басқаның бәріне тұрмысқа шықты» деп еді күйінгенде. Ащылау айтылса да сол сөздің астарында ащы шындық бар секілді. Қарап отырсақ қазақ қызы арабқа да, қытайға да тіпті жөйтке де әйел болуда. Шынайы сезім де емес, бизнесті дөңгелетуге ыңғайлы, шетелдіктерге «жалпақшешей» елімізде қыздарымыздың қойнына кіріп, кәсібін дөңгелету де ыңғайлы секілді. Осылайша қыздарымызбен қоса азаматтық та алып, соңында «ішіндегі тамағын ішіп, аяғын теуіп» кете баруда. Жасыратыны жоқ, мұндай үрдіс басқа елдерде де бар. Бізден айырмашылығы ол елдер мемлекет қоржынына құйылатын қалыңмал арқылы аралас некеге жауапкершілік жүктеп отыр. Немесе базбір елдерде аралас некеге соның ішінде қызының өзге ұлттың адамымен бас қосуына мүлдем тыйым салады екен.
Ата салтында «қалыңсыз қыз болмайтынын» ескеріп, бәлкім бізге де қалыңмал саясатын қайта қарау керек шығар. Жақында атыраулық бір қазақтың қызы пакістандық жігітке тұрмысқа шығып, бірнеше банктен несиелер алып, ақырында күйеуде жоқ, белшеден қарызға батып, санын ұрып қалды. Басқалар қомақты қаржы қалыңмал арқылы шетелдік күйеу баланың жауапкершілігін көтеруге әрі мемлекет қоржынын да қампайтуға тырысса, біздің елімізде қыз-келіншектеріміз несие алып беріп, шетелдік күйеуге тоналуда.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.