27 мамыр 2024 09:43

Маусымда қай өңірлерде қуаңшылық болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева маусым айында күн райы қалай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева маусым айында күн райы қалай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Маусым айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғары, яғни ыстық болады деп болжанып отыр. Республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп отырмыз. Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы,Түркістан облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды облысының оңтүстігінде температура норма шамасында болады", - деді Қамар Сәлиева "Қазгидромет" орталығында өткен баспасөз мәслихатында.
 

Оның мәлімдеуінше, маусымда жауын-шашын мөлшері норма шамасында күтіледі.

"Тек еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде нормадан аз болуы мүмкін. Олар: Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс аумақтарында", - дейді ол.

Сәлиева алдағы айда қай өңірлерде құрғақшылық болатынын атады.

"Атмосфералық құрғақшылық Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында", - деді Сәлиева.

Алайда орталық мамандары маусымда ыстық пен қатар жауын-шашын да жақсы болатынын мәлімдеді.

"Маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай күтіледі Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успенка ауданында және Павлодар қаласында. Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтіліп отыр", - деді Қамар Сәлиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети