17 сәуір 2014 | 14:03

Мектеп оқушылары шоқынып кетпесе игі...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Оралдағы бастауыш сынып оқушылары «бір жыныстағылар махаббаты» туралы ертегі оқып жатыр дегенді естіген кезде жағамызды ұстадық. Әлгі ертегі кітапты оқушының өздері тауып оқыса, онда бәрін баяғы батыстан келген киноға жаба салуға болатын-ақ еді ау... Бірақ оны қалалық білім бөлімі сыныптан тыс оқулық ретінде бекіткен. Сөйтсек, балалардың психологиясына кері әсер ететін ондай мектеп оқулықтары аз емес екен. Тіпті соның біразы адамның діни наным-сеніміне де нұқсан келтіретін көрінеді. Оны «Мирас» қоғамдық кеңесі жанынан құрылған оқулықтарды сараптау жөніндегі жұмыс тобы анықтады.

Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс тобы осы жолғы сараптама барысында 2013-2014 оқу жылына арналған 170-тен астам оқулықты тексеріп шыққан көрінеді. Аталған кітаптар мектепке дейінгі бағдарлама мен 11-сынып арасындағы қазіргі білім беру жүйесін толыққанды қамтиды. Осының барлығын тәптіштеп қарап, тиянақты тексеріп шыққан ғалымдар мен кәсіби мамандардың айтып отырған «диагнозы» біреу ғана – қазіргі мектеп оқулықтары балаларды қатты шатастырады. «Мирас» кеңесі жанынан құрылған оқулықтарды сараптау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаеваның айтуынша, сараптама барысында 173 оқулықтың 26-сы типтік бағдарламаға сәйкес емес екендігі анықталды. 14 оқулықта тақырыптан ауытқу бар болып шықса, 23 кітап оқу бағдарламасын толық қамти алмапты. Бүгінде жаңа инновациялық технологияларға байланысты оқушының логикалық-интеллектуалдық әлеуетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға арналған тапсырмалар мен материалдардың енгізілмейді, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру тапсырмалары жоқ. Осындай кемшіліктер 39 оқулықта табылған. 11 оқулықтың ақпараттары жаңартылмай келген екен.

«Сондай-ақ химия, физика, информатика, алгебра, геометрия, математика және астрономия пәндері бойынша формула мен реакцияларда қателіктерге көп жол берілді. Ол сараптамаға түскен 173 оқулықтың 31,2 пайызын немесе 54 оқу құралын қамтиды. Ал 8 оқулықта оқушылардың психология мен танымына кері әсер ететін, эмоционалдық тұрақсыздыққа әкеліп соқтыратын мысалдар баршылық», - дейді Динар Нөкетаева.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети