Мектеп пен перзентханаға бюджеттен ақша бөлінбей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп пен перзентханаға бюджеттен ақша бөлінбей ме? Алаш айнасы иллюстрациясы

 Ресми орындардың статистикасына сенсек, мемлекеттік мекемелерге жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінеді. Мәселен соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 5 есе ұлғайтылып, биылғы жылы 852 млрд теңгені құраған. Ал жауапты тұлғалар «өткен жылы білім саласын қаржыландыру көлемі 2000 жылдан бері тоғыз есе өсіп, 19 млрд теңгеден асты» деп «сүйіншіледі». Алайда бюджеттен бөлінетін қаржы қаншалықты еселеп көбейсе де, «қорлардың» жұмысы тыйылмай тұр. Өйткені осынау миллиардтар мемлекеттік мекемелердің майда-шүйдесіне жетпей қалады. Денсаулық сақтау саласында «перзентхана қорлары» қалтаны теспей сорса, енді қыркүйек айы басталғалы «сынып қорлары» өз істеріне кірісе бастады.

Айтпақшы, бұл қор балабақшада да бар. «Балалардың ойыншықты тез сындырып, немесе көнертіп жіберуіне байланысты» балаңызды апарғанда балабақша меңгерушісі 5 мың мен 10 мың теңге аралығында ақша сұрайды. Жекеменшік балабақша да, мемлекеттік балабақша да жылына бір-ақ рет сұралатын бұл қаржының да қызметі қорға жиналатын қаржыға ұқсас деуге болады. Өйткені мектепте қорға жиналатын қаржы әжетхана қағазы, бор, тазалық шелегі, тақта сүртетін шүберектен бастап принтер қондырғысына жұмсалса, перзентханада қорға жиналатын қаржы дәрігерлердің қолын жуатын сұйық сабынына, медициналық қолғабына, қол сүртетін қағазына тағы басқа майда шүйделерге жұмсалатын көрінеді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети