Мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлназарованың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бұған жыл сайын 175 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді.

"Бүгінгі таңда келесі қадамды жасау маңызды: еліміздің барлық мектебі үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу", - деп жазды Әлназарова әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен мектептегі тамақтану мәселелерін талқыланған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы мектеп тамағының кемшілігі барын жазған болатынбыз. Тағам заманауи принциптерге сәйкес келмейді. Азық-түлікте қант, тұз, қаныққан май, өңделген тағамдар және жемістер, көкөністер мен сүт өнімдері көп. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети