03 қыркүйек 2014 | 12:25

Мен махаббатқа адалдық таныта алмадым

ПОДЕЛИТЬСЯ

www.kakprosto.ru www.kakprosto.ru

«Алаш айнасы» порталына басымнан өткен бір оқиғаны айтып беруді жөн санадым. Сау күнінде сүйдім деп, мүгедек болғанда шыдамай тастап кеткен жарымды ойласам, жаным күйзеледі.


Иконка комментария блок соц сети

«Алаш айнасы» порталына басымнан өткен бір оқиғаны айтып беруді жөн санадым. Сау күнінде сүйдім деп, мүгедек болғанда шыдамай тастап кеткен жарымды ойласам, жаным күйзеледі.

Қалада студент болып жүріп, курстас қызымның сыныптасымен танысқаннан бастап менен дегбір қашты. Түрі сүп-сүйкімді, көзі көкшілдеу келген, ұзын бойлы, қапсағай денелі жігітті бір көргеннен ұнатпай қалу мүмкін емес еді. Талапқа мен ғана емес, біздің жатақханада тұратын қыздардың біразы ғашық болған шығар десем өтірік емес.

Сол көп қыздың ішінен мені таңдап, маған ұсыныс білдіргенде төбем көкке екі елі жетпей қалды. Көп ұзамай ауылына алып барып, басыма орамал салды.

Алғашқы жылдарда мен бақытты едім. Талапты бір минут көрмесем тұра алмайтындай күйде болдым. Ол ауылда учаскелік полиция қызметкері болды. Жұмысы қауырт, күн демей-түн демей дала кезіп кетеді. Қазіргі елдің «учаскелік полиция түк бітірмейді, бос сенделіп жүреді. Қылмыскерлерді ұстауға талпынбайды да» дегендей сөздерін естігенде, оның мүлде олай емес екенін дәлелдеп, дауласа кеткім келіп тұрады.

Талап ауылда беделді жігіт болатын. Оны үлкен де, кіші де сыйлайтын. Өзі де кішіпейіл, өзгеге қамқор болып тұратын мейірімді жан еді.

Ол көбіне сыртта жүреді. Қайын атамның да үйде болғаннын егістік басында жүргені көп. Бойдақ қайынағам бар, оның да даланың жұмысынан қолы босаған емес. Үйде енем екеуміз қаламыз. Мойындау керек, үй шаруасындағы талай нәрсені енемнен үйрендім. Әр істі баптап істеуге де сол кісі төселдірді. Ол үшін енеме айтар алғысым шексіз.

Бірақ ол кісінің қазымырлығы, миыңды жеп қоярлықтай ызың-ызың еткен сөздері тасқа тамызып қойған тамшыдай, шыдамды деген менің миымның өзін тесіп жіберердей еді. Тіпті сөйлеуге тұрмайтын заттың өзін сөз қылады.

Осыдан кейін бірте-бірте бөлек шықсақ деген ой пайда болды. Ол туралы Талапқа айтып көріп едім, шошып кетті. «Гүлмира, ата-анамды тастап қайда бармақпын. Еркебұлан да үйленген жоқ. Бұл сөзіңді әке-шешеме естімей-ақ қойсыншы, ренжиді ғой» деп сабама түсіріп тастады.

Бірақ жаңағы ой менің миымда тұрып алды. Жатсам-тұрсам бөлек шығу туралы ойлаймын. Онда да ауыдың өзіне емес, аудан орталығына қарай жылжысақ, мүмкін мамандығым бойынша жұмыс та табылып қалар еді деп қоямын іштей.

Алғашында үндемегеніммен, енемнің «мияулаған» сөздеріне кейіннен шыдамайтын болдым. Бізде бәрі өлшеулі, бәрі нормамен, одан сәл ауытқуға да болмайды. Мысалы, қамыр илегенде тұздыққа тұзды қолымның ұшымен шамалап сала салсам, ол біразға дейін сөз болады. «Әр нәрсені өлшеп қосу керек, өлшегіш қасық мында не үшін тұр» дегендей түкке тұрмайтын сөздер айтылады. Оны қойшы, киім үтіктегенде бірер секундқа мойныңды басқа жаққа бұрып, қосулы үтікті себепсіз бос қоюға болмайды. Оның бәрі ақшаны есептейді. Ал аяқ киіміңді күніне екі рет кремдеуге болмайды. Тек жатар орында тап-тұйнақтай етіп тазалап барып жылтыратып бір рет жағуың керек. Күндіз балағыңа балшық тигізбей, аяғыңа шаң жуытпай жүруге тырысуың керек. Кремді де жиі-жиі сүйкей берсең, шығын ғой?!

Міне, осындай түкке тұрмайтын нәрселер менің жүйкемді тоздырып бітті.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети