«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген шынында да тауып айтылған мақал екен. Мен осыдан алты жыл бұрын өзім сүйіп қосылған жарыммен шаңырақ көтеріп, тату-тәтті өмір сүріп келдік. Бір ұл, бір қызды болдық. Бірақ өмір деген бірде құлатады, бірде жұбатады, бірде жылатып, бірде қуантады екен. Дегенмен сыналған сәттерде бала-шағаңнан айрылып, жалғыз қалған адамға ең ауыр соққы болып тиеді. Мен өз басымнан өткен жағдайды «Алаш айнасының» оқырмандарымен бөліскенді жөн санадым.

Мен өз жарымды құлай сүйдім. Ұл-қызым өмірге келгенде өзімді шексіз бақытты сезіндім. Бірақ жарымның шешесі өте діншіл, тәуіп, көріпкел дегендерге қатты сенгіш болды. Ол жанұямыздың ішкі шаруасына көп араласып кетті. Менің ағайындарым оны жақтыра қойған жоқ. Осыны шешесі де, қызы да маған қайта-қайта айтып, мазалап жүрді. Мен оларды жақсы түсіндім. Тіпті әйелімді қорғаймын деп ағаларымды да ренжітіп алдым. Бір өкініштісі, егер мен әйеліме ұрсып, қатты сөз айтсам, ол дереу шешесіне телефон шалып, мені жамандап отыратын. Жарымның осы қылығы мені қатты ренжітті. Жанұяның ішкі шаруасын басқалар біле беруге тиіс емес қой.
Алғашында ақшадан қысылғандықтан, балаларымызды енемнің қолына беріп, екеуміз де жұмысқа шығып кеттік. Сенді-жексенбі күндері ауылға қарай тартып, бала-шағамызды көріп, бір жасап қайтушы едік. Жасыратыны жоқ, әйелім күнделікті үй шаруасына пысық емес. Өзінің маманданған жұмысына беріліп кеткен. Осы жұптасқан алты жылдың ішінде мені күтетін әйел емес, оны мен күтуім керек сияқты болып кетті. Бірде шешесіне: «Баламызды қайтарып беріңіз, үйде баланс бұзылып барады, үйде қарайтын бала болмаған соң, қызыңыз жұмыстан кеш келеді, оның үстіне тамақ істемейді, дайын «полуфабрикат» тағамдарды алып келеді», – дедім. Оны естіген енем, қайта өзіме айғайды салып, «сен жақсылықты түсінбейсің, керісінше, рахмет айтудың орнына... Сен басынайын деген екенсің, әбден семірдің», – деп өзіме қарай лап етті. Ал әйелім болса, «онда бізді өзің бағасың, менің жұмысым сондай жауапты, үйге ерте келе алмаймын» дейді. Мүмкін ол да дұрыс шығар, бірақ маған өзімді күтетін, сыйлайтын, жұмыстан шаршап үйіме келгенде алдымнан күлімсіреп күтіп алатын жарым мен бала-шағам керек. Сонда менің көңілім толып, жұмысқа деген, жалпы өмірге деген ынтам артады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...