Мерекелік дастарханда астан уланып қалудан қалай сақтануға болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Дәрігерлер мерекелік дастарқанда астан уланып қалудан қалай сақтануға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Life.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер мерекелік дастарқанда астан уланып қалудан қалай сақтануға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Life.

Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамын жаппай тойлау күндері дастарқанда әртүрлі тағамдар – наурыз көже, сүтті сусындар, ет өнімдері, тез бұзылатын өнімдерге жататын салаттар мол болатынын атап өтті.

Министрлік мерзімі өткен немесе өңделмеген өнімдерді тұтынумен байланысты тамақтан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын еске салды.

Уланудың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:

  • қоғамдық тамақтану орындарын мұқият таңдау, өзіңіз барған немесе туыстарыңыз бен достарыңыз ұсынған орындарға бару;
  • рецепттері термиялық өңдеуді қажет етпейтін тағамдарға, әсіресе теңіз өнімдеріне тапсырыс беруден және тұтынудан бас тарту;
  • мекемелерден әкелінген қалған тағамдарды үйде туыстарға ұсынбау;
  • өнімдерді сатып алу кезінде олардың өндірілген және жарамдылық мерзіміне, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуына, сақтау және сату шарттарына назар аудару;
  • Көшедегі бейберекет сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға тырысу.

Сонымен қатар, іс-шараларды ұйымдастырушылар мен мекеме иелеріне де ұсыныстар берілді. Оларға рұқсат құжатын (санитарлық-эпидемиологиялық сәйкестік қорытындысы) алу, медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жібермеу, уақытында медициналық тексерулерден өткізу, тиісті жағдайлар болмаған жағдайда және ғимарат аумағы жеткіліксіз болған кезде тағам түрлерін азайту, өнімдерді сақтау мерзімдерін сақтау ұсынылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro