26 наурыз 2014 | 14:59

Мешітегі имамдар "әкей" бола алмай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 «Серые будниді» орысшадан «копияласақ» сұрғылт тіршілік кешіп жүргендер қаншама арамызда? Қым-қуыт тіршілік қабағын ашпай, тағдырынан теперіш көріп жүргендер де көп. Басына тартса аяғына, аяғына тартса басына жеткізе алмай тарығып, қамығып, қайғырып, налитындарды да аз дей алмайсыз. Көбіне депрессияға түсіп, соңынан созылмалы дертке ұшырап жататындар да баршылық. Өзгенің қаңсығын таңсық көріп, жапсыра қоюға шеберміз ғой. Шетелдік көбік сериалдардағыдай басына іс түссе дереу психологқа жүгіргісі келетіндер де бар. Алайда жан дертінен айықтырар маманның қызметі аз ақша тұрмайды. Күйзелістен шығару үшін кемінде 50 мың теңге сұрайды, тіпті 100 мыңнан да асып жығылады. Жан саулығынан ада адамдарға көмек қолын созатын басқа кім бар бізде? Осы сұраққа «Алаш айнасы» жауап іздеп көрген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Күйеуінің жүріскерлігінен шаршағандар абысынына айта алмайды. Өйткені ағарып алдына шыққанын қаламайтын қауым, ішінен болса да «шоқ, шоқ» деуі мүмкін. Құрбыларына да ішіне беріш боп қатқан сырларын шашуға дәрмені жетпейді. Біреуі түсінер, біреуі түсінбес. Тіпті «бір күйеуіне еге бола алмай жүр ме, сауап» деп қолын шошайтып тұрып күлетіндері де табылады. Анасына айтуға да көбіне «жүрегі ауырып қалар» деп бір, уайымдамасын деп екі, тағы да айта алмайды. Сонымен «шерін тарқатар айналасынан адам таппай тарыққан да жаман екенін» түсінеді. Ал психологтар «күйзеліс кезінде бәрін ішіне жинап, шер боп қатырмау керек, ауруға ұшыратады. Оның орнына ішіндегісін бәрін сыртқа ақтарып, жылап алған дұрыс» деп есептейді. Ал осы шер тарқатуға да адам таппай аласұратындар көп қой арамызда. Расында күнделікті тіршіліктің ауыртпалығы, адамдардың қатыгездігі жүйкені жүндей түтетіні рас. Осындайда қол жәрдемі болмаса да, ең болмаса сөз жәрдемін беріп, жөн сілтейтін адамның болғаны қандай жақсы. Алайда... 90-шы жылдардың басында мексикалық сериалдардың телеарна біткенді жаулап алғаны белгілі. Бір сериясын да үзбей, үздіге көргендер көп. Сонда тағдырынан таяқ жеп, торыққан адамдар шіркеудегі әкейлерге   барып, ішіндегі күйігін айтып, тіпті ағыл-тегіл жылап алмаушы ма еді? Уайым-қайғысын айтып, жеңілдеп, әкейдің ақылын тыңдап, тіпті күнәсі болса одан қалай арылу керектігі туралы ақыл кеңес алып жеңілдеп қайтатын еді ғой.
 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети