Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе? ДДСҰ басшысының жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе? ДДСҰ басшысының жауабы Midjourney

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ДДСҰ басшысының сөзін Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто жеткізді. Ол Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы сөйлескен.

"Мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, менің бұрынғы жақсы әріптесім әрі досым Тедрос Гебрейесуспен телефон арқылы кеңес өткіздім (...) Менің досым Тедрос соңғы бірнеше күн мен апталарда тараған қорқынышты жаңалықтарға қатысты мені тыныштандырды және қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында жаһандық төтенше жағдай қаупі жоқ екеніне сендірді. БАҚ-та кең талқыланған вирус ДДСҰ сарапшыларына жақсы таныс, және ол әдетте қыс айларында бірнеше рет пайда болады", – деп жазды Петер Сийярто Facebook-те.

Метапневмовирус туралы не белгілі

Адамның метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарын зақымдап, өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінің қабынуын тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландыда анықталды, бірақ кейбір деректер бойынша, ол 1950-жылдардан бері адамдар арасында айналымда болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети