WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жартылай жеңіл салмақтағы бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Флойд Мэйвейзермен кездесу өткізіп үлгермей қалуы мүмкін, - деп жазады "Алаш айнасы" газеті.
WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жартылай жеңіл салмақтағы бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Флойд Мэйвейзермен кездесу өткізіп үлгермей қалуы мүмкін, - деп жазады "Алаш айнасы" газеті.
Баршаңызға белгілі, бүгінде әлемдегі ең табысты спортшы болып саналатын Флойд өзінің келесі жекпе-жегін 13 қыркүйекте аргентиналық былғары қолғап шебері Маркос Майданамен өткізеді. Ал одан кейін кәсіпқой бокс шаршы алаңына осы уақытқа дейін 46 алты мәрте шығып, барлығында жеңіске жеткен боксшы 2015 жылы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр екен. «Мен Майданамен болатын кездесуден кейін 2015 жылдың мамыр және қыркүйек айларында екі кездесуді жоспарлап отырмын. Содан кейін барып спорттағы мансабымды аяқтаймын», – дейді Мэйвезер Daily Mail басылымына берген сұхбатында. Спорттық манбасын аяқтаған соң кіші Флойд Mayweather Promotions промоутерлік компаниясын аяғына нық тұрғызуды ойластырып жатыр екен.
Демек, бұл боксшы биыл бір жекпе-жек, келер жылы екі жекпе-жек өткізетін болса, онда біздің отандасымыз Геннадий Головкинмен қолғап түйістіріп үлгермей қалуы мүмкін. Өз кезегінде отандасымыз барлық қарсыластарын қоғадай жапырық келе жатқаны белгілі. Сол үшін де одан бүгінде барлық боксшы қашқақтап жүр. Тіпті Флойдтан кейінгі мықты боксшы деп аталып жүрген Мигель Коттоның өзі де Головкиннен басын ала қашуда. Айтпақшы, Геннадий Коттомен келер жылы жолығып қалуы керек. Ол үшін біздің батыр 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтетін жекпе-жекте WBC уақытша чемпионы – мексикалық Марко Антонио Рубионы жеңу керек.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...