Театр әлемін дамытудың зор ықпалшысы, ағылшын драматургі Шекспир өз дәуірінде: "Өмір – театр, ал сондағы актерлер - адамдар" деген екен. Бұндай пәлсапаны әркім әр саққа жүгірте талдайды. Дегенмен, театр ісінің қандай да бір жұрттың өміріндегі маңызын ешкім де жоққа шығармасы анық. Сондықтан да, Мәжілісте Қазақстан театрының тыныс-тіршілігі һәм келешегі туралы әңгіме болып, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы біршама жайтқа түсінік берген болатын. "Алаш Айнасы"порталының тілшісі Мәжілістегі әңгіменің ауанын да байқады.

Шекспирден Исабековке дейінгі дау
Жалпы театр туралы сөз көп. Сөз емес-ау, театр туралы мәселе – тұтастай таусылмайтын әңгіме. "Театрдың киім ілгішінен" бастап, ондағы рольді сомдайтын актерлерге дейінгі мәселелер қордаланған. Сондай өзектінің біріне сүйенсек, қазақстандық театр мәселесі киімілгіштен бөлек, драматургиядан, репертуарлық саясаттан басталатыны байқалады. Өйткені, бүгінгі күні дәл осы сала ақсай бастаған. Министр Мұхамедиұлының сөзіне қарасақ, елдегі басқа бағыттар секілді репертуарлық саясат саласында да "отандық өнім" мәселесі өзекті. Бұған себеп, қазақстандық авторлардың спектаклін тек қазақ театрлары қойып жатыр, орыс театрларында шетелдік авторларға басымдық беріліп, отандық авторларға мұрын шүйіре қарай бастағандай. Ондағы қойылымдардың "қазақстандық үлесі" 15 пайызды ғана, кейбірінде тіптен жұрдай. «Қазақстандық авторлардың шығармалары шет елдерде сәтті қойылып жүрген шақта, отандық драматургтердің пьесалары репертауарларға енгізілмеуін қалай түсіндере аламыз? Сосын қазір режиссерлер бізде жақсы драматург жоқ десе, драматургтер жақсы режиссер жоқ дегенді алға тартады. Бұл шындығында, сонау Шекспир заманынан бері айтылып келе жатқан әңгіме», – дейді ағынан жарылған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы. Оның айтуынша, Қазақстанның айтулы драматургі Дулат Исабековтың туындылары Түркияда, Болгарияда, Тәжікстанда, Ұлыбритания мен Ресей театрларында қойылып келеді. Алайда, осындай шетел сахналарында сұранысқа ие тұлғаның қойылымы, қазақстандық сахналарда жетімнің күйін кешкендей сиреп кеткен. Оны қойыңыз, біздікілер шетел мойындайтын Исабековтерді ысырып тастап, ең алдымен өз өңірінің авторларын жұртшылық алдында жарнамалауды жанына жақын санайтын тәрізді.
Театрдағы трайбализмді қалай жоямыз?
«Бізде тіпті репертуарлық кеңес те қызық, мысалыға, әр өңір өзінің облысындағы авторды ғана алғысы келеді (мұның астарында не тұр екен?). Егер Шымкент театры – оңтүстік авторларын сахналайды, батыстағылар батыстың авторларына басымдық береді, шығыс шығыстың драматургтеріне иіледі», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Сондайды естігенде «Бұл нені білдіреді? Театрдың өзі жершілденіп, трайбализмденіп бара жатқаны ма?» деген сұрақ көкейде тұрады. Ал бұндай олқылық қалай жойылады? Министр Мұхамедиұлының ұсынысы: біз ең мықты деген драматургтердің шығармаларын еліміздің барлық театрларына белгілеуіміз керек, оларға сахналауға міндеттеуіміз керек.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...