Мобильді аударымдарды бақылау: Қазақстанда биыл кімдерді тексеру басталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мобильді аударымдарды бақылау: Қазақстанда биыл кімдерді тексеру басталады?

Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың қандай жағдайларда жасаған аударымдары кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде саналатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мобильді аударымдарға қатысты жаңа шек кімдерге әсер етеді?

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, егер бір адам 3 ай ішінде өзінің банк шотына әртүрлі адамнан 100-ден астам аударым алса, бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып есептеледі.

Бұл ретте 100 түрлі тұлғадан түскен соманың мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс. 2025 жылы ЕТЖ 85 000 теңге болды. Осылайша, биыл бұл сома 1 020 000 теңге болады.

Мобильді аударымдарды бақылау қалай жұмыс істейді?

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банктер белгілі бір уақыт аралығында мобильді аударымдар саны мен көлемі белгіленген шектен асқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

Одан кейін салық органдары алынған ақпаратты талдайды. Осылайша, мобильді аударымдарды бақылау жоғарыда көрсетілген талаптарға жатпайтын жеке тұлғаларға әсер етпейді.

Бұл шектен асқан жағдайда қандай салдар күтеді?

Кәсіпкерлік қызметтің белгілері анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаға анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін хабарлама жібереді. Хабарламаны орындауға оны табыс еткен (алған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні беріледі.

Хабарламаны орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда салық органы тақырыптық салықтық тексеру тағайындайды (бір тақырып/сұрақпен шектеледі).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети