Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына 80 жастағы апаның атқа мініп, ат үстінде нық отырған видеосы ілікті. Видео бір-екі күнде 900 мыңға жуық қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Толығырақ Tengri Life материалында.
Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына 80 жастағы апаның атқа мініп, ат үстінде нық отырған видеосы ілікті. Видео бір-екі күнде 900 мыңға жуық қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Толығырақ Tengri Life материалында.
Біз видео авторына хабарластық. Видео кейіпкерінің немересі Гүлжан есімді қыз биыл 80 жасқа толған сүйікті әжесінің оқиғасын бөлісті. Гүлжанның айтуынша, апасы жастайынан ат үстінде отыруды меңгерген.
@gulzhan2611 #апамыз_жүз_жасасын ♬ Батырлар ұраны - Alashuly
Шабандоздың есімі Худий Ханахайқызы, ол Моңғолияда дүниеге келген. 90-жылдардың басында әйел балалары және немерелерімен Қазақстанға оралады.
"Әжем 11 баланы дүниеге әкелген - 4 ұл, 8 қыз. Ол үшін "Алтын алқа" медалін алды. Қазір оның 40 немересі бар. Апамыз өте мейірімді, ашық, қарапайым адам. Ол балаларды қатты жақсы көреді, атамыз өмірден ерте кеткеніне байланысты барлық баласын өзі тәрбиелеп, аяғына тұрғызды", - деп бөлісті Гүлжан.
Худий-апаның немересі бейнебаян оқырманнан мұндай пікір болады деп күтпеген. Ол бұл бейнені әжесіне қонаққа барған кезде түсірген. Желі қолданушылары әжеге сүйсініп, ұзақ өмір тіледі.
"Керемет! Үлкен буын деген осы! От пен судан өткен! Үлкен құрмет және тағзым!", "Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір тілейміз", "Нағыз қазақтың әжесі", "Денсаулық тілейміз", "Ажека жарайсың!",- деп жазды Желі қолданушылары.