04 қыркүйек 2014 | 09:42

Неге бүгінгінің баласы "қалай тудым?" деп сұрамайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір күні жақын бір туысқанымның үйіне барсам, 4-сыныпта оқитын баласы орындықтан шкафқа өрмелеп шығып, шкафтан төсекке секіріп, бір жерде байыз таппай, оқалақ қысқан танадай аласұрып жүр. «Әй, не болды сонша жын соққандай?» десем, «Мен – Spider Men-мін (өрмекші адам)!» деп одан сайын өршелене түсіп, қуықтай бөлменің астан-кестеңін шығарды. Сол жүгірмек қоймай да жүріп әке-шешесіне әлгі өрмекші адамның киімін сатып алғызды. Бөлмесі де өрмекші адамның ойыншықтарынан көрінбей кетті, сөресіндегі дискілері де өрмекші адамның мультфильмі мен киносына толған.

Иконка комментария блок соц сети

Міне, ересектер аса елей бермейтін мультфильмнің бала санасына қалай әсер ететінін осы бір мысалдан-ақ байқауға болады. Демек, мультфильм – баланың дүниетанымын, сана сезімін қалыптастыратын, болмысының өзгеруіне елеулі үлес қосатын, кез-келген баланы баурап алатын «керемет құрал». Алайда, мультфильмнің де «естісі бар, есері бар», кейбіреуінің тигізер кері әсері бар.

Жалпы, мультфильм жасаушылар екі топқа бөлінеді екен. Біріншісі – мультфильмге баланың көзімен қарап, тәрбиелік мәні зор, берер пайдасы мол өнім шығаратындар. Ал екіншісі – үлкендердің көзқарасындағы өмірді мультфильмнің жасуынан өткізетіндер. Біз бұл мақалада «екіншілердің» өнімін сөз қылмақпыз.

«Екіншілердің» өнімін анимация демесеңіз, фильмнен айырмашылығы шамалы ғана. Мұндай мультфильмдерді «баланың дүниесі-ау» демей үлкендер де сүйсініп көріп жатады. Балаңызбен отырып мультфильмнің ішіне қалай еніп кеткеніңізді білмей қаласыз. Аузыңыздың суы құрып, қиял-ғажайып әлемінде емес, шынайы өмірде жүргендей боласыз. Міне, бала тұрмақ өзіңізді баурап алатын мұндай өнімдер баланың да, ата менен ананың да санасына, дүниетанымына, ой-өрісіне, жалпы нәпсісіне қауіпті.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети