Жанында жұбайы, бауырында балалары бар әйелдердің өзге еркекпен жасырын жүруін мен мүлде түсіне алмаймын, тіпті оны қылмыс деп есптеймін. Отбасылы ер адамның басқа әйелге көз салуын жақтамасақ та, түсінуге болар. Жаратылысы, табиғи заңдылық дегендей. Ал әйелдің болмысы мүлде бөлек емес пе?
Жанында жұбайы, бауырында балалары бар әйелдердің өзге еркекпен жасырын жүруін мен мүлде түсіне алмаймын, тіпті оны қылмыс деп есптеймін. Отбасылы ер адамның басқа әйелге көз салуын жақтамасақ та, түсінуге болар. Жаратылысы, табиғи заңдылық дегендей. Ал әйелдің болмысы мүлде бөлек емес пе?
Мұндай әңгіме қозғап отырған себебім «Алаш айнасы» оқырмандарының арасында да жаза басып, жаңылысып жүрген жандар бар болса, ойланар, ақылға келер деген үмітім бар.
Мен жұмыс істейтін орында негізінен әйел адамдар еңбек етті. Бастығымыз – ер адам. Көп әйел істейтін орта қайдан тыныш болсын, пыш-пыш сөз, өзара бөліну, бір-бірін арандату дегендей сұмдықтың неше түрін осы жерге келгенде көрдім. «Қайдан ғана мұнда жұмысқа тұрдым» деп өкінген кездерім аз болған жоқ.
Менің жалғызбасты жесір әйел екенімді білген әріптестерім, басында аяушылық көзбен қарағандай болды. Олары маған ұнаған жоқ. Сөйтсем аяушылық танытқандай болып, аяғымнан шалып жүр екен. Оны білгенде тіпті күйіп кеттім. Кейде жұмысты тастап айдалаға безіп кеткім келетін.
Жалпы менің мінезім – біртоға. Ешкіммен ашылып сөйлеспеймін, сырымды сыртқа шаша бермеймін. Бұл ортадағы сақтығым өз алдына. Кез келген нәрсеге сабырмен қарау керек, ақылға салу керек деп өзімді байсалды ұстауға тырыссамын. Бірақ шектен шығып кетсе, аямаймын. Осындай мінезімнен бе, жоқ, ұжымдағылар мені орталарына тартқысы келмеді ме, білмеймін, мен әйтеуір өз-өзіммен саяқ жүрдім. Ол бір жағы маған ұнайтын да. Себебі бір-біріне күле қарап, артынан небұр сұмдықтарды былықтырып жүрген ортаның ішіне енгім келмеген.
Байқаймын, қыз-келіншектердің бастығымыз туралы көзқарастары әр түрлі. Біреулері «қатал, әділетті, жақсы адам» десе, енді біреулері «қызқұмар, ұжымға жаңадан келген әйел затына көз салмай қоймайды» дейді. Бірақ өзім маған қатысты артық қылығын байқаған емеспін.
Арамызда қабілеті орташа, бірақ мұрнын шүйіріп жүретін бір келіншек бар еді. Өзінің анау айтқандай сұлулығы да жоқ. Сол әйел туралы ұжымдағылар көзі жоқта бастықпен қосақтап, түрлі әңгіме қылады да, көзіне барлығы оны жақсы көретін, керемет құрмет тұтатын адамдай сызыла қалады. Ал ол әйелдің өркөкіректігі маған мүлде ұнамайтын. Ұжымға келгеннен екеуміздің жұлдызымыз қарсы болды. Ол мені не үшін жақтырмайтынын білмедім, мен оның өзін бәрінен артық санайтын қылығын жақтырмадым. Екеуміздің мұндай қарым-қатынасымыз басқарларға майдай жаққан сияқты.
Менің аманымды бірде алса, бірде алмайды, мен отырған жерде қабағын тыржитып, менен гөрі жоғарырақ жерге отыруға тырысады. Қызық, ешкім онымен бақталасып жүрген жоқ, бірақ өз-өзінен солай етеді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.