18 шілде 2014 | 12:29

Немерелерімді орысша оқытайын деп жүрмін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Мен өзім қазақ ауылында өсіп, қазақ мектебін бітіргем. Алайда, КСРО кезінде жоғарғы оқу орындарының бәрінде дерлік сабақ орыс тілінде оқытылды. Сол кезде орыс тілін жетік білмеудің қиындығын көп көрдім. Тілден қиналған шақта «ертең балаларым болғанда оларды орыс мектебіне берем» деп ойлайтынмын. Бірақ менің балаларым мектепке баратын жасқа келгенде Қазақстан егеменді ел болды. «Енді балаларым қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алды» деп тақиямды аспанға ата қуандым. Сөйтіп, балаларымды қазақша оқыттым. Алайда, оным қате болғанын енді түсіндім. Бүгін «Алаш айнасы» арқылы оның мәнін түсіндіріп көрейін.

Иконка комментария блок соц сети

Егемендіктің алғашқы жылдары қандай қиындыққа тап болғанымызды әмбе біледі. Ауылда жұмыссыздық жайлап, көпшілік қалаға қарай көшті. Мен де сол көшке ердім. Қалаға келіп, бар жиған-тергеніме қуыстай екі бөлмелі орыстың үйін сатып алдым. Алдымен құжаттарымды туырлап, балаларды мектепке орналастыруға кірістім. Үйге жақын маңда екі-үш мектеп болғанмен, бәрі де орыс мектептері екен. Содан баламды орыс мектебіне бермей, «болашақ қазақ тілінде» деп ойлап, үйден қашық болса да, баламды қазақ мектебіне оқыттым.

Әрине қалада бізді ешкім күтіп тұрған жоқ болатын. Алғашқы жылдары мамандық бойынша жұмыс табу мүмкін болмады. Сондықтан, бала-шағаны бағу үшін кез келген жұмысты істедім. Тіпті Сейфуллин көшесі бойына «жұмыс биржасына» (сол кезде солай атайды екен) шыққан кездер де болды. Үйде ақша қалмай қиналған кезде әйелім, «ауылға көшейік, бір-екі мал асырап, егін ексек те аштан қалмаймыз» дейтін. Сол кезде ондайлар да көп болды. Алайда мен «қалаға барып күн көре алмай қайта келді» деген атақты намыс көріп, әйеліммен келіспей қойдым. Солай жылдар жылжып, елдің жағдайы да әсте-әсте жақсара бастады. Тұрақты жұмыс та табылды. Әне-міне дегенше, кейінгі екі балам да мектепке барды. Оларды да қазақ мектебіне бердім. Өйткені «болашақ қазақ тілінде болады» деп қатты сендім. Бірақ ол жаңсақтық болған екен.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети