Оның есімі - Валерий Егорович Диков. Қазақстанның бас қаласының маңындағы Ынтымақ ауылында тұрады. Кейіпкеріміз өзінің 67 жасына дейін көптеген іспен айналысқан. Өзі тұратын ауылдағы жергілікті фарфор өндіретін зауытта жұмыс істеген. Шай және кофе сервиздерін жасап қана қоймай, тіпті Қонаетың тапсырыстарын орындаған. Зауытта вице-президенттің қызметіне дейін көтерілген. Кейіпкеріміз өте жауапты адам болған, бір уақытта оған штаттан тыс қызмет етуді ұсынған. Оның қасиеті сондай: ол қандай қызметті алса да, 100 пайызға жауапкершілікпен қарайды. Тіпті полицей болып жүргенде де, тергеуге жіті мән беретін. Кезінде оған информатика пәнінен сабақ беретін мұғалім болуды да тапсырған. Ол кезде компьютердің тілін түсінбепті. Бірақ ол мүлде саспаған. Ол күнімен-түнімен қарап, ғаламторды меңгерген. Бұл тек математикамен ғана емес, кейіпкеріміз айналысқан барлық салаға тікелей қатысты. Бұл оқиға тіпті сіз ауылда тұрсаңыз да, жаныңызға рахат сыйлайтын жұмыспен айналыса алатыныңыздың айқын дәлелі.
Оның есімі - Валерий Егорович Диков. Қазақстанның бас қаласының маңындағы Ынтымақ ауылында тұрады. Кейіпкеріміз өзінің 67 жасына дейін көптеген іспен айналысқан. Өзі тұратын ауылдағы жергілікті фарфор өндіретін зауытта жұмыс істеген. Шай және кофе сервиздерін жасап қана қоймай, тіпті Қонаетың тапсырыстарын орындаған. Зауытта вице-президенттің қызметіне дейін көтерілген. Кейіпкеріміз өте жауапты адам болған, бір уақытта оған штаттан тыс қызмет етуді ұсынған. Оның қасиеті сондай: ол қандай қызметті алса да, 100 пайызға жауапкершілікпен қарайды. Тіпті полицей болып жүргенде де, тергеуге жіті мән беретін. Кезінде оған информатика пәнінен сабақ беретін мұғалім болуды да тапсырған. Ол кезде компьютердің тілін түсінбепті. Бірақ ол мүлде саспаған. Ол күнімен-түнімен қарап, ғаламторды меңгерген. Бұл тек математикамен ғана емес, кейіпкеріміз айналысқан барлық салаға тікелей қатысты. Бұл оқиға тіпті сіз ауылда тұрсаңыз да, жаныңызға рахат сыйлайтын жұмыспен айналыса алатыныңыздың айқын дәлелі.
Ол зейнетке осыдан 4 жыл бұрын шықса да, бүгінге дейін оны сол мектептің дәліздерінен көруге болады. Ауыл тұрғындары болса, Валерий Диков туралы "қолынан келмейтіні жоқ бесаспап" дейді.
"Ол барлық істің басы қасында жүреді".
Мотоциклін қыздырып, Валерий ауылдағы барлық шаруаны реттейді. Қазіргі таңда Валерий - электрик.
"Ауылдың бүгінгі жағдайы қалай?" деген сұраққа ауыл тұрғындары бірауыздан "Оны Егорычтан сұраңыздар. Біздің ескі ауылымыздың тынысын сіздерге егжей-тегжейлі баяндап береді" дейді.
Әскери қызметін өтеген соң, Диков 70 жылдардың басында Фарфоровый ауылына келіп, осылайша осы ауылдың тұрғыны болып қалған. Жергілікті Фарфор зауытында жұмыс істеген. Қызметінің барлық сатысынан өткен: қызмет жолын слесарь болып бастап, вице-президент қызметіне дейін көтерілген. Ол зауыттың жұмысын бір адамдай білген.
Арада қаншама жыл өтті. Ауыл тұрғындары фарформен баяғыда қоштасқан. Ал Валерий мырзаның есінде өткен күндердің елесі бүгінге дейін сайрап жатыр.
"90-жылдар өте қиын болды. Біз қандай да бір жолмен қазақстандық шикізатқа ауысуымызға тура келді. Бізде қайта аяққа тұру үшін бар мүмкіндік болды - персонал болды, құрал-жабдық тұрды, бізге тек Гурьевтен мазут қажет болды. Бірақ бізге шикізатпен көмектесудің орнына, олар өз адамын Целиноград облысынан алып келіп, акционерлік қоғамды ашық дауыс берумен тарата салды. Содан кейін бір жыл өткен соң ол зауытты амалдай жүріп банкротқа ұшыратты", - деп өкінді Валерий қолына «тылағы» бар ыдысты ұстап - жергілікті тұрғындар брендтің логотипін қалжыңдап осылай атайды екен.
"Шырылдап шындықты іздегім келді. Ол да нәтижесіз болды. Содан кейін олар маған "Валерий Егорович, араласпаңыз, олар сіздің түбіңізге жетеді" деді. Менің түбіме қалай жетеді? Мен қарапайым мұғалім болып жұмыс істедім, олар маған не істей алады?", - дейді ауыл тұрғыны.
Ол расында да мұғалім болып қызмет еткен. Бір сабақпен шектеліп қана қоймай, бірнеше сабақты қатар алып жүрді. Басында оны әскери дайындық мұғалім болуға шақырған. Оның үстіне мектепте тек екі ер адам жұмыс істепті. Бірі мектеп директоры болса, енді бірі - Егор. Сол себептен де, өз пәнімен шектелмей, дене тәрбиесін де, еңбекті де қатар алып жүрді.
Өмірімдегі ең қиын кезең деп 97-98 жылдар дер едім, жергілікті мектепті тығырақтан алып шығуым керек болды. Әйтеуір дегенде, электр жағдайын реттеген. Одан кейін мектептегі жылуды мәселесін шешуі керек болды. Мектеп салқын болғандықтан, оқуға зейін де болмады.
"Мен, бұрынғыдай, буржуй пештерін орнатуды ұсындым. Біз кезінде пештерді үшінші қабатқа қойғанбыз, үш жыл бойы осылай жылындық. Қыстың басталуымен барлығы үшінші қабатқа көтеріліп, онда екі ауысымда оқыды. Содан кейін біртіндеп пештерден бас тарттық. Бәрі реттелді ", - дейді Валерий Егорович.
"Ол - бесаспап, қолынан келмейтіні жоқ", - дейді Диковтың бұрынғы әріптесі, математика пәнінің мұғалімі Галина Дмитриевна.
"Мектепте жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшы болмаған. Бұл жұмысты ол өз қолына алуына тура келген. Ол - өте тиянақты адам, әр ісіне зор жауапкершілікпен қарайды", - дейді Галина Дмитриевна.
Сонымен қатар, ол сабақ беруге мұқият қарады. Әскери дайындықпен қатар математика, кейде тарих пен географиядан сабақ берді. Бірде директор информатика сабағын қолға алуды ұсынған.
Немересімен
"2001 жыл, мен кезекті демалыста болдым. Валерий Егоровичке үстелді орнатуға, компьютер сыныбын электрмен жабдықтауға көмектесу жұмысы тапсырылған. Мен шығып, бәрін жасадым. Балалар орталықтан келді, компьютерлер орнатты - бес оқушы мен бір мұғалім. Мен директорға "жақсы шаруаларымды бітіріп, сізге табыстайын" деймін. Ол кенеттен өз жауабымен мені таңғалдырды. Мен "Мен неден бастаймын?" деген сұраққа, директордың "Енді сен информатика пәнінің мұғалімісің, мен сенің білетіндігіңді білемін", - деп айтқанын еске алады Диков.
Бірінші жылы ол мектепте таңғы 3-ке дейін қалатын болған. Бәрін толық меңгеріп, бәрін өзі жасау - оның өмірлік ұстанымы.
"Оқушыларға бір нәрсе үйрету алдында мен өзім бір нәрсе білуім керек. Мен сұрауға ұялған емеспін, ол кезде кішкене білетін бірнеше жігіт болғандықтан, мен олардан сұрастыра бердім. Олар маған бәрін көрсетті. Содан кейін мен информатика пәні мұғалімдері курстарынан өттім, бірақ мен бұл курстарға келген кезде мен барлық материалды білдім", - дейді мұғалім.
Оқу курстарын жалғастыру үшін қалаға барып, ол елордалық әріптестерімен танысқан, осының арқасында таныстары бірнеше рет ауыл мектебіне ескі компьютерлерді құрастыруға көмектескен.
Бір кездері Фарфорда көптеген неміс тұрған, бірақ олардың көпшілігі 90-жылдары Германияға кеткен. Тек соңғы жылдары адамдар қайтадан ауылға қоныс аударып жатыр. Бұл жолы олар Моңғолиядан келген оралмандар болды. Олардың ішінен Валерий Егорович өзіне көмекші тауып алыпты.
"Моңғолиядан Манарбек Тоқтаған деген кісі келді, мен қазір оны бағыттап, компьютерді үйретуші едім, ол маған операциялық жүйені орнатуға көмектесті. Осылай бірге жұмыс істедік", - дейді Диков.
Ол енді мектепте жұмыс істемейді, алайда әлі де көмектесіп тұрамын дейді.
"Өткен жылы мен Нұр-Сұлтанда үш ескі компьютерді алып, оларды жөндеп, мектепке жібердім, балалар қолдана берсін", - дейді ол.
Диков әдетте әрқашан өзіне көп жауапкершілік алады.
Күндердің күнінде мен штаттан тыс жұмыстар атқардым.
"Бірде директор "Валерий Егорович, сіз штаттан тыс жұмыстар атқаруыңыз керек" деді. Мен жұмысымның басымнан асатынын айттым. Бірақ "сіз офицерсіз" деп жатып, мені директор көндірді. Ол кезде жергілікті полиция қызметкерлері жеткіліксіз еді, сондықтан мен алты ай учаскелік полицияның штаттан тыс инспекторы болдым", - дейді кейіпкеріміз.
Ол барлығына асқан жауапкершілікпен кірісіп, тіпті өзінің жеке тергеуін де жүргізген.
Фарфор зауытының экс-жұмысшысы істеген сервиз
Фарфор зауытында ерекше құнды заттар сақталатын музей болған. Кейде зауыт ерекше құрметті адамдардың арнайы тапсырысын жасаған. VIP тапсырыстардың ішінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың мерейтойына арналған сыйлық болды. Бұл 250 адамға арналған алтын жалатылған сервиз болды. Оның көшірмесі де жасалып, зауыт музейінің экспонаты болды.
"Бұл музей құнды заттарға бай болды, бірақ біреу оны музей тоналғандай қылды", - дейді Валерий Егорович.
Диков өзінің көмекшілерімен бірге қарақшыларды ізін суытпай ұстаған. Бірақ көп ұзамай ол бұл қарақшылардың шынайы ұрылар емес екенін түсініпті. Ол ұсталған ұрылардың музейге сылтау ретінде кіргеніне сенімді. Диковтың айтуынша, ұсталған ұрылардан бұрын музей тоналып қойған.
Фарфор зауытының экс-жұмысшысы істеген сервиз
"Бір аптадан кейін мен жедел уәкілдерге келіп, мен бұл істің таза емес еместігін дәлелдеп, ыдыс-аяқтың музейден әлдеқашан алып тасталғанын, айғақ ретінде шаңды сөрелерді көрсеттім. Бірақ біз ұстап алған күдікті барлық кінәні өз мойнына алды", - дейді Валерий.
Ол осы нәрсені дәлелдеуге тырысты, елордаға хат жазды, бірақ нәтижесінде тізбектегі шағымы сол шағымданған адамның шеңберінен аса алмады.
"Мен мұның пайдасыз екенін түсіндім", - дейді Валерий Егорович.
Диков штаттан тыс учаскелік инспектор қызметін жауапкершілікпен орындауын жалғастырады. Ол ауылдағы тәртіпті сақтап, тіпті әсіресе зорлық-зомбылыққа толы тұрғындарды қалай сабырға шақыруға болуға болатынын біліп алады.
"Ауыл тұрғындары мен келсем менімен жанжал шығармау керек екенін жақсы білді. Мен жұмыс істей бастағанда ішуді ұнататындардың тізімін жасадым. Хаттама жасадым, мен тек тегі мен аты-жөнін енгіздім. Сөйтіп мен барлық арақ ішетіндерді аралап, оларға көрсетіп, былай дейтінмін "Қараңдар, бос жерді көріп тұрсыңдар, егер сендердің араларыңнан бірдеңе шықса, аты-жөніңді жазамын, сосын денсаулығыңды емдетуге екі айға кетесің. Бұл жұмыс іске асты. Осыдан кейін, осыған ұқсас оқиғалар болған жоқ", - дейді Диков.
Алты айдан кейін ол аудандық полиция бөліміне келіп, полиция жеке куәлігін учаскелік полиция қызметкеріне тапсырды. Оған қалуды, жұмыс істеу ұсынылған, бірақ ол бас тартқан.
"Кешіріңіз, сіз маған көмектесуге уәде бердіңіз, бірақ алты ай ішінде мен сізден ешқандай көмек көрмедім", - дейді ол.
Валерий Егорович балалармен жұмыс істеуді жалғастырды, сонымен бірге мектептің мәселелерін шешуге атсалысқан.
Әріптестері оны "педант" деп атайды екен. Бұған себеп - ол бәрін өзі анықтап, өзі жасауға тырысады. Мәселен, ол өзі математика пәнінің мұғалімі ретінде білім алмаған, мектеп жасында алған білімдерін қолданады, егер бір нәрсені түсінбесе, оқушыларға бақылау шығартпас бұрын, ол дұрыс шешім тапқанша өзі отырып шығарады.
Осылайша ол 20 жылдан астам уақыт ауыл мұғалімі болып жұмыс істеді. Ол балалармен жұмыс істегенді ұнататынын айтады. Осы жылдар ішінде ол мұғалім өмірінің бірнеше ережесін түртіп алыпты.
"Біріншіден, сіз әрқашан оқушыларыңызбен тең болуыңыз керек, сіз өзіңізді жоғары қоя алмайсыз. Екіншіден, оқушыларға даусыңызды көтере алмайсыз, айғайлау - бұл әлсіздіктің белгісі, сіз өзіңіздің принціптеріңізбен оларды сендіруіңіз керек. Үшіншіден, егер сіз бірдеңеге уәде берсеңіз, соны орындауыңыз керек. Төртіншіден, олармен айғайлап сөйлесудің қажеті жоқ, олар барлығын түсінеді, балалардың психологиясы - өте нәзік, олармен абайлап сөйлесу керек", - дейді ол.
Осы принциптерінің арқасында Диков оқушылар арасында зор беделге ие болды.
"Мектепте барлық мұғалімнің бүркеншік аты бар, ал менде ондай ат жоқ. Мүмкін, бұл менің бұл атаққа расында да лайықты болмағаным", - деп кейіпкеріміз бір жымиып алды.
Валерий Егоровичтің айтуынша, ол істей алмайтын ешқандай тірлік жоқ. Барлық салада ол - бас маман.
Кейбір дүниелерде тек бір емес, бірнеше адам қажет болып жатады. Фарфор зауытының ісін бір өзі бітіре алмайтыны анық. Оған бір Валерий жетіспейтін секілді.
Ауылдың ең керемет күндері артта қалған. Жол бұзылған, суды ауыл тұрғындары тәулігіне 2 сағат ішінде ғана ала алады.
"Олар уәде береді, уәде береді, уәдеден басқа ештеңе жоқ. Бірақ бұл астананың демалатын орны. Бәрі Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді, ал Фарфоровыйға келіп, тыныстайды", - дейді қазір бейнетінің зейнетін көріп отырған мектеп директоры қапаланып.
"Мен, ең болмағанда, бірдеңе өзгергенін қалаймын, сондықтан біздің ауылды аялау керек", - дейді атын атамауды қалаған тағы бір мұғалім.
Бұл ауыл - түсірілген репортаждар санынан бірінші орында. Фарфоровый ауылының проблемаларын барлық қазақстандық БАҚ айтып шыққандай. Бірақ билік бұл ауылды мүлде байқамайтын сияқты.
"Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.