Оның есімі - Абдул-Хадис, тегі - Құрманғазы. Моңғолияда туған қазақ. Жасы 27-де, аз уақыттың ішінде ол моңғол СІМ-інде елші әрі Катар корольдік отбасының сенімді досы бола білді. Араб елдерінің шейхі жігітке жақсы жұмыс ұсынған, алайда Абдул-Хадис сыпайы түрде бас тартып, өзі бұрыннан армандаған Нью-Йоркке аттанды.
Оның есімі - Абдул-Хадис, тегі - Құрманғазы. Моңғолияда туған қазақ. Жасы 27-де, аз уақыттың ішінде ол моңғол СІМ-інде елші әрі Катар корольдік отбасының сенімді досы бола білді. Араб елдерінің шейхі жігітке жақсы жұмыс ұсынған, алайда Абдул-Хадис сыпайы түрде бас тартып, өзі бұрыннан армандаған Нью-Йоркке аттанды.
АҚШ-тағы мегаполисті елестетіңіз. Жанат есімді қазақ өз досы әрі бизнестегі серіктесі Абдул-Хадиске хабарласады.
- Сәлем, қал қалай?
Қал-жағдай сұрасқаннан кейін Жанат ендігі сөзін ағылшынша жалғайды.
Ұзын сөздің қысқасы, Жанат қазақ тілін онша жетік білмейді, ойын орысша жеткізеді, ал Абдул-Хадис керісінше, қазақ тілін беске біледі, бірақ орыс тіліне шорқақ.
Бұл көрініске сырттан қараған өте қызық: екі қазақ өзара ағылшын тілінде сөйлеседі.
Абдул-Хадис Құрманғазы 1992 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында өмірге келген. Оның әкесі бизнеспен айналысқан, Ресеймен және Қытаймен сауда жасаған. Бірақ 90-жылдары қарақшылар әкесін пышақпен жарақаттап кетеді, осылайша ол бар жиғанынан айырылып қалады. Отбасы оның қайда екенінен мүлде хабарсыз болады. Сонда әкесін іздеуді атасы қолға алады. Көп жылдар бойғы іздеуден кейін ол баласын Ресейден табады. Сол жылы Абдул-Хадистің қарындасы өмірге келеді, әкесінің сөзінше, қызының өмірге келуі күш беріп, оның өмірін сақтаған. Алайда отбасына түскен қиын күндер мұнымен бітпеген еді. Үй кепілде болды, ақша жетпеу салдарынан ата-анасы жиі жанжалдасатын болған.
Кейіпкеріміз басында сабақты жақсы оқып, отбасындағы жағдайларға байланысты үлгерімі нашарлаған. Абдул-Хадистің компьютер ойындарына қызығушылығы да өз нәтижесін берді.
"Менің ойындарға қызығушылығым ең алғаш компьютер клубы ашылғанда басталды. Менің есімде компьютерді көргенде көзіме оттай басылған. Мен иесінен оның не екенін сұрадым. Ол маған компьютер екенін айтып, ойнап көруді ұсынды. Мен ең алғашқы ойнаған ойынымды білемін - Сounter-Strike", - деп әңгімеледі Абдул-Хадис.
Ол компьютер ойындарының қызығына кіреді. Өзі тез меңгеріп қана қоймай достарын да ойнауға үйретеді.
Мектептегілер онша қуанбады. Абдул-Хадистің күнделігінде жазылған сол жазба әлі оның жадында: сабағы нашарлаған, сабақ үстін де отыра алмайды, ештеңені есіне сақтай алмайды, кешігеді, көп уақытын ойын ойнап өткізеді. Ол күнделігін сақтап қойыпты.
Бірақ отбасының шырқы бұзылып, ата-анасы бірнеше жылдан бері бөлек тұрады.
Жігіттің тәрбиесін атасы өз қолына алады. Ол Абдул-Хадистің медреседе білім алуын қалады, сол кезде жергілікті түрік мектебі балаларды жинақтады.
"Мен ол мектепке барғым келмеді, бірақ атамның қалауы еді. Сонда тұрып, оқу керек болды, айына бір рет үйге баруға болатын еді. Бірақ мен қырсық болдым және үйге барғым келмеді, әкелген екенсіңдер, мен осында қаламын", - деп еске алады кейіпкеріміз.
Бірақ атасының істегені дұрыс болып, жігіттің оқуға ынтасы ашылды.
Бір жылдан соң, ол кәдуілгі мектепке ауысады, барлық сабақтан енді үлгеретін боламын деп өзіне уәде береді.
Тоғызыншы сынапт олардың мектебінде Катарда оқуға жолдама беретін байқау өтеді, бірақ онда тек тоғыз адамды қабылдайды. Кейіпкеріміздің атасы осы жолы да немересіне берілген жақсы мүмкіндік екенін сезінді.
"Бірақ мен қайтып өз әуеніме салып, Катарда оқымайтынымды айттым. Мен Америкаға кетемін деп шықтым. Ол кезде неге Америка туралы ойлағанымды өзім де білмеймін, сол сәтте ағылшын тілін де білмедім. Атам жақсылап ойлануымды қалады. Бір күні мен ғаламтордан Катар қалай көрінетінін ғаламтордан іздей бастадым. Мен көрген көрініс өзіме қатты ұнады. Жаман емес дедім, келістім, жақынадрыма осылай дедім", - дейді Абдул-Хадис.
Ол байқауға өтініш жібереді, бірақ нәтижесін ұзақ күтуге тура келеді.
Екі жыл өтті, ол мектепті аяқтап, жергілікті Улан-Батордағы Mongol University түсуге шешім қабылдайды. Біздің кейіпкеріміздің тағы бір мәрте жолы болды.
"Іріктеу қиын болды, топқа бес адамнан бөледі, орын алу да оңай болмады. Кірер алдында кезекте тұрдық. Мен кішкентаймын, адамдардың арасынан өтіп, алдыңғы бестіктің қатарына кірдім. Бізден соң есік жабылды. Маған "су ресурстарының инженері" мамандығын таңдауды ұсынды, мен компьютермен байланысты мамандықты таңдағым келді, бірақ сол жерде жазылған мамандықты таңдадым. Емтиханнан шыққаннан соң менің таныстарым таңғалды, мен олардан бұрын мамандық алдым, ең аз ұпаймен, ал олар менен жақсы оқыған", - дейді сұхбаттасушымыз.
Үйге келеді. Әкесі қатты қуанып, қой сойды, үйде мереке болды.
Қызықты өмір басталды, университтегі оқу Абдул-Хадиске ұнады. Бірақ студенттік өмірге енді еніп жатқанда көптен күткен жаңалық келді. Катардың оқу бөлімінен хабар келді, оның сабағы қаңтарда басталады деген хабар келді.
Ол Моңғолиядағы университетті тастап, Катарға кетті. Төрт жыл өтті, Абдул-Хадис араб тілін үйренеді, оның тобындағы тоғыз моңғол оқуды жалғастыру туралы ұсыныстан бас тартып, үйге кету туралы шешім қабылдайды.
"Улан-Баторға келдім, нақты жоспарым болмады, бірақ жұмас істеу керек екенін түсіндім. Есімде, түнде жаттым да жұмыс тапсам екен деп тіледім. Таңертең мен телефонның қоңырауынан ояндым.
"Сіз Абдул-Хадиссіз бе?" деп біреу сұрады. Жауап беремін, "Иә, бұл мен". "Сізге Улан-Батор резиденциясынан хабарласып тұрмыз, - деп түсіндірді маған. - Біз үлкен мерекелерді атап өтеміз, 120 елдің елшілері келеді, соның ішінде арабтар да болды, бізге сіздің көмегіңіз керек болады, араб елінен келетін елшілерді керек-жарағымен қамтамасыз етуіңіз керек" деді", - деп баяндайды кейіпкеріміз.
Келесі күні кейіпкеріміз резиденцияға барады, осылайша ол өзінің бірінші жұмысына кірісті. Оған машинамен бірге көлік жүргізушісін тағайындайды, ол саммитке дайындықты бастап кетті. Осының бәрі оған қызық болды.
"Елшіліктегі жұмыс маған қызық болды, жаңа таныстар, мүмкіндіктер. Мені бәрінен де таңғалғаным, еріп жүрген көлік, арнайы нөмірлер, мұндай жағдай қашан болса да, қайда болса да рұқсат етілді, елшілермен әр түрлі сапарлар тек жағымды әсер қалды дейді", - дейді Абдул-Хадис.
Саммит аяқталды, жұмысы бітті, ол жақсы ақша тапты.
Бірақ көп ұзамай, Абдул-Хадис бос отыра алмайтынын түсінді.
"Намаздан шыққан едім, қарасам, маған қарсы бір адам қарап тұр, маған қарап жымияды, жауап ретінде мен де жымидым, мен оны қайдан көрген едім деп ойландым.
Есіме түсті, бұл адам - катарлық генерал. Бірде Катарда біздің жолдастарымыздың бірі оны бізбен таныстырған. Ол маған келіп, қал-жағдайымды сұрады. Олардың Моңғолиямен ынтымақтастығы жайлы айтып, өзінің ұзақ мерзімді іссапарда жүргенін білдім. Нөмір алмасып, біраз уақыттан кейін олар маған генералдан қоңырау шалып, жұмыс ұсынғысы келетінін айтты, олар арабша аудармашы керек деді, ойланбастан келістім", - дейді Абдул-Хадис.
Ол Катар ханзадасының қоластында жұмыс істеген, жалақысы жоғары, университеттегі оқуының ақшасын және басқа да шығындарын жапты. Біраз уақыттан кейін Катар ханзадасы Моңғолияға келеді.
"Осы жолы ханзада өзімен бірге жұмыс істеуді ұсынады, бірақ мен оның ағасының қол астында қалуды жөн санадым. Ханзаданың ағасы қанша бай болса да, өзін әрдайым қарапайым ұстайтын. Ханзада 12 машинадан бөлек, онымен бірге күзетшілер мен аспаздар келді.
Бірде бізді Улан-Батордағы ең үлкен қонақүйде ханзадамен кездесуге шақырды, бірнеше қабатта қаруланған күзетшілер орналасқан. Біз ханзада жайғасқан бөлмеге бардық, ол бізді өзі қарсы алды, бізді дастарханға жайғастырды, ол жерде көп ет, күріш, жеміс-жидектер - бәрі кинодағыдай, осындай қызық оқиға болды", - дейді Абдул-Хадис.
Арабтармен келісім біткен соң оны жұмыс істеуге Катарға шақырған.
"Ханзаданың ағасы маған бір айдың ішінде виза шаруаларын шешетінін және қомақты ақша беретінін айтты. Мен жақсы деп келіскеніммен ұзақ ойландым. Жұмыста бұл жағынан ешқандай қиындық туындамады, бәрі жақсы еді, ол жомарт адам ғана емес, жақсы бастық та бола білді. Біз бірге барған дүкендегі бір нәрсені көргенде немесе ұстап қалсам, ол менен не сатып алғым келетінін сұрап жүрді. Бірақ соған қарамастан, мен оның ұсынысынан бас тартуды ұйғардым", - дейді Абдул-Хадис.
Нәтижесінде ол Америка Құрама Штаттарына 2017 жылы аттанып кетеді, бірақ ол шейхпен әлі де байланыста. Ол барлық ісіне қызығушылық танытып, оған туған баласындай қарайды.
"Оның қоластындағылары оның әр сөзімен келісетін еді. "Иә-иә, шейх, сіздікі дұрыс" дейтін олар. Ал мен, оның қасында ұзақ жүріп, кейде кейбір шешімдерін дұрыстайтынмын, ақырын кеңес беретінмін. Меніңше, мендегі осы мінез оған ұнаған болар", - дейді ол.
Ол оқу визасымен АҚШ-қа кетті. Алдымен қаражат тек оқу мен тұрғын үйге жететін. Енді кейіпкеріміз ақшаны қалай пайдалану керектігін түсінеді. Бір уақыттарда ол қарыз сұраған әр адамға ақша бере беретін.
Түптеп келгенде, ол бірден жұмыс бастады. Араб бастықтармен өткен жақсы өмірден кейін жұмысқа басымен кіріп кету оңайға соқпаған.
"Басында мен ыдыс-аяқ жудым, караокеде жұмыс істедім, даяшы да болдым, тамақ жеткізуші де, гүлдерді жеткізу де болдым. Бір күні гүлдерді жеткізуім керек болған, мекенжайға дұрыс тауып келдім. Ғимаратқа кірдім, бірақ қайда келгенімді бірден түсінбедім.
Ғимарат тыныш болды, бір адам гүлдерді жәшік қасына қоя салуды бұйырды. Жәшікке жақындадым, ішінде манекенге ұқсас бірдеңе жатыр, әлі түсіне алар емеспін. Бұл жас қыздың мәйіті болып шықты. Мен қатты қорқып кеттім. Содан кейін мен оның жерлеу рәсіміне дайындық екенін түсіндім", - дейді Абдул-Хадис.
Вирджанияда қазақтар қауымдастығы бар, солардың біреуі Қазақстанға сәлемдеме жолдаған. Ол Нью-Йорктен логистикалық компаниясы бар Жанат есімді адамды кезіктіреді. Жанаттың фирмасына қызметкер керек болған. Осылайша Абдул-Хадис оған жұмысқа орналасады. Қазір ол Жанатпен жұмыс істеп жатыр, сонымен қатар білім алып жүр. Болашақта ол өзінің бастамасын жүзеге асырғысы келеді.
Қазіргі таңда оның ата-анасы қайтып табысыпты, отбасы қайта бірікті. Балаларының жетістіктерін көріп, олар оны барлық жағынан қолдайды және жаңа шешімдеріне айтатыны: сен қалай дұрыс көресің, солай жаса.
"Қазіргі таңда өмірім көңілімнен шығады, ата-анамның қайта қосылғанына қуанамын. Атам әрдайым ойымда, мен оған тәрбие мен кеңестері үшін ризамын. Ол мықты адам болды", - дейді Абдул-Хадис.
Авторлар: Ренат Ташқынбаев пен Тұрар Қазанғапов
Мақаланы орыс тілінен аударған Гүлбақыт Жанұзақ