Қазіргі кезде экологиялық таза өнім өте сирек кезедеседі. Жиі жесе қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін өнімдер бар. Бұл өнімдер жайлы онколог Алевтина Киселева "Аif.ru"-ге айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі кезде экологиялық таза өнім өте сирек кезедеседі. Жиі жесе қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін өнімдер бар. Бұл өнімдер жайлы онколог Алевтина Киселева "Аif.ru"-ге айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біріншіден, оған жоғары деңгейде өңделген өнімдер, соның ішінде шұжықтар, бекон, консервілер жатады. Оларда асқазан, ішектер және сүт безі қатерлі ісігін ынталандыратын трансмайлар, тұрақтандырғыштар және басқа да зиянды заттар бар.
Фри және басқа да фастфудта трансмайлар көп. Олар семіздікті, жүрек-қан тамырлар ауруларын және қатерлі ісікті ынталандырады", - дейді онколог.
Маманның айтуынша, қатты қуырылған өнімдерден аулақ болу керек. Олардың құрамында канцерогендер бар.
Алкоголь ыдыраған кезде бауыр, асқазан және сүт безі қатерлі ісігін ынталандыратын тағы бір канцероген - ацетальдегид түзіледі.
Рационадағы көп қант пен қарапайым көмірсулар онкологиялық аурулардың негізгі қауіп факторларының бірі - семіздікке әкеледі.
"Сіз "ультра өңделген" тағамды неғұрлым көп тұтынсаңыз, онкология ғана емес, кез келген басқа аурудың (атеросклероз, бүйрек аурулары) пайда болу қаупін соғұрлым арттырасыз", - дейді тележүргізуші Александр Мясников.
Оларға мысалы, протеинді батончиктер, тауық наггетстері, дайын шұжықтар және т.б өнімдер жатады.
Дүкенде сатылатын йогурттар да - өңделген өнім. Көптеген хош иісті йогурттарда модификацияланған крахмал, тәттілендіргіштер, хош иістендіргіштер, бояғыштар және оны ультра өңделген санатқа енгізетін басқа қоспалар бар.
Нанды таңдағанда сыртын оқыңыз. Құрамында эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар немесе косметикалық қоспалары (тағамның сыртқы түрін сақтау үшін) бар нан да ультра өңделген өнімге жатады.
Егер шырын 100 пайыз шырын және қанттан тұрса, бұл өңделген тағам. Егер сондай-ақ құрамында хош иістендіргіштер, тәттілендіргіштер болса, ол ультра өңделген өнім болып саналады.