02 желтоқсан 2014 | 16:26

"Оңтүстік бағыт" газ жобасы жабылды: кім ұтты, кім тұтылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Ресей кеше «Оңтүстік бағыт» газқұбыры жобасын аяқ-астынан жауып тастады. Cарапшылардың бірі «бұл Ресейдің жеңілісі» десе, тағы бірі «бұл Еуропаның жеңілісі» деп сөз таластырып бағуда. Анығында бұл жоба екі тарапты да шаш етектен шығынға батырып отыр. Неге бұлай болды?.. Бұл сауалға қатысты мамандар жауабын «Алаш айнасы» жинақтап ұсынады...

Иконка комментария блок соц сети

КӨЗҚАРАС

Қарашығанақты игере бастағанда Түркия бағыты бізге тиімді болады

Уәлихан Төлешов, саясаттанушы (Қазақстан):

- «Оңтүстік бағыттың» жабылуы Еуропаның Ресейдің газынан бас тартқанын білдіреді. Ал Ресей оны өткізетін басқа тетік таппаса шаш етектен шығынға батайын деп тұр. Сондықтан олар Түркиямен ымыраласты.

Бұл құбырды салу құны алдыңғысына қарағанда екі есе арзан, бірақ көлемі де аз. Осы жағынан алғанда, үнем тұрғысынан да ол қазіргі жағдайдағы Ресейге тиімді. Ал саяси тұрғыдан алсақ, Мәскеу мен Анкараның газқұбыры келісімі Түркияның, Әзірбайжанның, Қазақстанның саяси жағдайын жақсартады. Қап тауында белгілі бір деңгейде тұрақтылыққа қол жетеді, бірақ Ресей Арменияны әскери жағынан қамсыздандыруды тоқтатпайды.

Қазақстан шикізат экспорты тасымалы бағыттарын әртараптандыруды үнемі қарастырып келеді. Еуропаға шикізат жеткізудегі бұл да бір мүмкіндік. Қарашығанақ жобасы іске қосылған соң біз газды көптеп өндіре бастаймыз. Сол кезде ол біз үшін тиімді бағыт болады. Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы байырдан өте жақсы деңгейде екені белгілі.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети