Өскемен тұрғыны Тik-tok әлеуметтік желісінде пәтерінің жөндеу жұмысына қанша кеткенін жазды. Алтынай үйіне жөндеу жұмысын өзі жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өскемен тұрғыны Тik-tok әлеуметтік желісінде пәтерінің жөндеу жұмысына қанша кеткенін жазды. Алтынай үйіне жөндеу жұмысын өзі жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
31 жастағы Алтынай пәтеріне аз ақша жұмсап, жақсы жөндеу жұмысын жасауды шешеді. Ол 48 квадраттық пәтерге 400 мың теңгедей ақша жұмсауды жоспарлайды. Құрылыс материалдарының бағасы өсіп жатырғандықтан, бұл мүмкін емес секілді көрінеді. Алайда Алтынай ойлағанын жүзеге асыра алды.
Алтынай жөндеу жұмысының бастапқы кезеңінде 400 мың теңгеге жоспарлады, алайда бюджет 89 мың теңгеге асты. Нәижесінде, едендер мен есіктерді ауыстырғанда, алайда жиһаздарды қоспағанда жөндеу жұмысына 489 мың теңге кеткен.
Жөндеу жұмысының арзан шығуының бір себебі - оны жұмысшы жалдамай, өзі жасауы. Оған қоса, Алтынай қаладағы ең арзан құрылыс материалдарын сатып алуға тырысқан. Ол барлық жердегі бағаларды салыстырып, арзан жерден алған. Оның жөндеу жұмысына кеткен ақшаның ең көп бөлігі (121 мың теңге) ламинатқа кеткен. Ал үш есік 59 мың теңгеге шыққан. Қалған 173 мың теңге ұсақ-түйекке және басқа да құрылыс материалдарына кетті.
Жөндеу жұмысын Алтынай әкесімен бірге жасаған.
"Маған әкем көмектесті, ол құрылысшы, алайда инсульт алған. Сондықтан оған ауыр көтеруге, қатты шаршауға болмайды. Сол үшін негізгі жұмыстарды өзім жасадым. Бұл жөндеу жұмысын жасаудағы менің бірінші тәжірибем емес", - деді ол.
Алтынайдың айтуынша, көп нәрсе үйдің жағдайына да байланысты. Оның үйі 2016 жылы салынған, сондықтан салыстырмалы түрде жаңа деуге болады. Сол үшін де олар көп нәрсені сол қалпында қалдырған.
Алтынайдың пәтерінің жөндеу жұмысына 489 мың теңге, жиһазға - 600 мың теңге, ал техникаға - 300 мың теңге кеткен.