Елімізде тұңғыш рет егілген банан ағашы өнім берді. Қазір сайрамдық шаруа өнімді жинай бастады. Ерекше кәсіпті қолға алған шаруа жеміс бағасын да қолжетімді қылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елімізде тұңғыш рет егілген банан ағашы өнім берді. Қазір сайрамдық шаруа өнімді жинай бастады. Ерекше кәсіпті қолға алған шаруа жеміс бағасын да қолжетімді қылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оtyrar.kz мәліметінше, Түркістан облысын Сайрам ауданында кәсіпкер бұл тропикалық ағашты осыдан 9 ай бұрын еккен. Қазір шаруа еңбегінің нәтижесін көріп отыр. Ерекше жылыжай шаруашылығын қолға алған тұрғын биыл 1,5 тонна өнім алады.
"5 гектер жерге 9 мың түп ағаш еккенбіз. Қазір бірінші өнімді алып жатырмыз. Жоспар бойынша 600 тонна банан алу ойда бар. Бұр - бірінші еккеніміз. Ал 5-6 ай бұрын отырғызылған ағаштар, 3-4 айда жеміс береді. Ол кезде 2 тоннаға тарта өнім жинаймыз", - дейді шаруа Ислам Әлиев.
Жұмысшылардың сөзінше, бананды күтіп баптаудың өзіндік әдісі бар. Ағаш басында тұрған 40 келі жемісті бірден бөлуге болмайды. Тропикалық өсімдік дүкен сөресіне жіберілгенге дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Оның қыр-сырын түркиялық мамандардан үйренген.
"Бұған дейін біздің жақта банан өскенін көрген емеспін. Сондықтан осы шаруашылыққа қызықтым. Қазір келіп, жұмыс істеп жатырмыз. Басында Түркиядан келген мамандар бәрін көрсетіп, үйретіп кетті", - дейді жылыжай қызметкері Бақыт Заманханұлы.
Әзірше жеміс Алматы мен Шымкентте саудаланады. Ал басқа өңірлермен байланыс енді орнатылмақ. Кәсіп иесі банан бағасын қолжетімді қылмақ. Сайрам ауданының тұрғыны алдағы уақытта авокадо жемісін өсіруді жоспарлап отыр.