Менің бір мінезі түсініксіздеу жеңгем бар. Қит етсе ренжіп қалады, үнемі қабағы қатулы, қашан көрсең біреуде алынбай кеткен өші бардай түнеріп жүреді. Жеңешем алғаш түскен жылдары оның салқындығынан ағамның үйіне өте сирек баратынбыз. Әпкелерім: «Ағамыз жасы 40-тан асқанда әрең үйленді ғой. Сәуленің мінезі тұйықтау болса да, жарымжан ағамыздың жары болып, балаларын тәрбиелесе болды», деп жеңгемнің мінезіне кешіріммен қарайтын.Уақыт өте келе жеңгеммен аздап тіл табыса бастадық. Ешқашан ашылып сөйлемейтін жеңгем бірде маған өзінің өмірі туралы әңгімелеп бергенде, оның әңгімесін тыңдап отырып, біртүрлі көңілім босап, оны аяп кеттім. Жеңешемнің жан сырын «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарында жарияолауды жөн көрдім. Адамды жақсы танымай жатып, сыртытнан ғайбат сөйлемейікші...

«Мен неге 35-тен асқанша күйеуге тимей жүре берді дейсің, шынымды айтсам, күн көрістің қамымен таңнан қара кешке дейін жұмыс істеп тырбыңдап, қайтсем ел қатарды адам боламын деп жүрдім. Мектеп бітіре салысымен қара жұмысқа жегіліп, қыз болып қылмыңдауға да, жар болатын жігіт іздеуге де мұршам болмады. Жасым 30-дан асқанда ғана өз қолым өз аузыма жетіп, қара жұмыстан мұғалімдік жұмысқа ауыстым. Осыдан кейін ғана тұрмыс құрып бала сүю туралы ойлана бастадым. Бала кезден қара жұмыс істеп, өзіме өзім дұрыс қарамағаннан ба, әрдайым еңсем түсіп жүргеннен бе өз жасымнан үлкендеу көрінемін. Сондықтан құрбыларым таныстырған жігіттермен сөйлесуге де батылым бармай, ұялғанымды байқатпау үшін тік мінез көрсетіп қоятынмын. Сөйтіп жүргенде қазіргі күйеуім кездесті. Алғаш танысқанда-ақ Жарастың мінезі біртоға, мейірімді, көп еркекке тән кеудемсоқтығы жоқ екенін байқадым да, болашақ балаларыма жақсы әке болады-ау деген ниетпен оған тұрмысқа шықтым. Мен қателеспеген екем, Жарас екі баласының қамын менен артық ойлайды. Өзім әке-шешенің жылуын көрмей өскен соң, балаларым менің көргенімді көрмесе екен, менің сезінгенімді сезінбесе екен деп ойлаймын.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...