Кітап толы сөмкенің салмағы оқушы салмағымен теңесті Бүгінгі күні оқулықтардың жетіспеушілігіне қоса, олардың ала-құла, әр баспаның оқулығымен оқытылуы да басты мәселеге айналып отыр. Статистикаға үңілсек, биылғы жылы мектеп оқулықтарын түгендеуге ел қазынасынан 9 миллиардқа жуық теңге бөлініпті. Ал елімізде мектеп табалдырығын шамамен 2,5 миллионнан астам бала аттағанын, оқулыққа облыстық бюджеттен де қосымша қаржы бөлінетінін ескерсек, оқулыққа деп бөлінген қаржы оқушыларды оқулық түгілі оқу формасымен де қамтамасыз етуге жететінін аңғарасың.
Мұнай бағасының құлауы Қазақстан экономикасына қаншалықты қауіпті?Жаз басталғалы бір емес үш ай қатарынан мұнай бағасының құлауы шикізат экспорттаушы мемлекеттерді, әсіресе санкциядан экономикасы әлсіреп тұрған Ресей Федерациясын шындап қатты алаңдатты. Бұл ретте Мәскеу АҚШ пен Ливия ауызжаласып, мұны қасақана ұйымдастырып отыр деген айыпты да алға тартты.
Жүкті әйелдердің жерік асы неге тексерілмейді? Аяғы ауырлаған аналардың әрдеңеге көңілі ауып, не жерін білмей аласұратыны бар. Апа-әжелеріміз қолынан келсе келінінің жерік асын тауып беруге құмбыл, әрине. Бүгінгі аналар арыстанның жүрегі мен аюдың өтіне жерік болмайды аңыздағыдай. Олардың жерігін бүгінде көшеде жағалай сатылатын бір кесек топырақ пен әктен жасалатын бор яғни тақтаға жазатын кәдімгі бор басып жүр.
Әйелімнің салақтығынан үйіме туыстарым келмейді Мен жасым 30-ға келгенше үйленбей, біраз уақыт бойдақтық өмір кештім. Үй-ішім үнемі «үйлен, үйлен» деп құлақ етімді жейтін. Бас құрамайын деген жоқпын, тек мен ұнатқан қыздардың біреуі үйленуге келіспесе, енді бірі қалада тұрсақ деген шарт қойды. Бірақ мен ауылдан әке-шешемнің жанынан кеткім келген жоқ. Сөйтіп, уақыт өте шықты.
Қазақ неге ұлтшыл болғысы келмейді?Бүгіндері Қазақстанды түрлі үрей кезіп жүр, соның ішінде "ұлтшылдық" дегені қазақтың бойын билеп-төстеп алғалы қашан? "Алаш айнасы" мамандардың пікірі арқылы нақ осы үрей түрінің Қазақстанда патриоттықты тұншықтырып, мемлекеттік тілді білуге деген құлшыныстың оянуына жол бермей отырғанын анықтады.
Идеалың кім, қазақ баласы?Рас мұғалім көп. Сабақ өткізуші көп. Ұлағатты ұстаз атына лайықтылар азайып бара жатқан сияқты. Олар зейнет жасына жақын қалғандардың арасында көп шығар, кім білген? Сол үркердей аз ғана ұстаздың жүрегі ауырып жүргені рас. Себебі... Оның себебі көп
Білім берудегі кемшіліктерді кім түзейді?Әлі де күрделі проблемалар баршылық. Олар біртіндеп шешіліп келеді. Дегенмен осы салада қызмет етіп жүрген кейбір мамандардың салғырттығы да байқалады. Сондай кемшіліктерді Қызылорда облыстық прокуратурасының қызметкерлері анықтады.
Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін Қазақтың белгілі ақыны Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған құлпытасты күреп тастауы мүмкін, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы. Бұл құлпытас осыдан сегіз жыл бұрын Алматы – Талдықорған күрежолының бойындағы Шеңгелді ауылының маңында орнатылған.
Әйелім үйден қуып жатыр... "Алаш айнасы" интернет басылымының "Отбасы – ошақ қасы" айдары көбіне-көп қыздардың мұң шағар, шер тарқатар бетіне айналыпты. Әйтеуір оқып отырсаңыз, басым көбінде қыз балалар жан сырын ақтарып хат жазған екен. Мен де өз өмірім жайлы сыр бөліскенді жөн санадым.
Жеңгеме жаным ашиды... Басылым бетіне шыққан әрбір әңгімеде әртүрлі тағдыр, әртүрлі сыр бар. Бірін оқып сүйінсең, бірін оқып күйінесің. Мен де жеңгемнің басындағы жағдайды сыр ғып шертсем деп едім. Жеңгеме жаным ашиды...
Аллаға ең ұнамсыз іс – ажырасуҚазақстанда 34 мың отбасының шаңырақ көтеріп, дәл сол жылы 11 мыңнан астам отбасының ажырасқандығы тіркелген.
Жігіт болсам да, балабақшада тәрбиешімін Мені қыз мінезді, қылығы қызға ұқсайды деп жүргендер көп. Енді Құдай солай жаратқан шығар, оған пендесі қалай қарсы бола алады? Дегенмен жаман ойлап қалмаңыздар, жыныстық жағынан ешқандай ауытқушылығым жоқ
Өгейдің аты қашанда өгей ме? Мен толыққанды отбасында өскен жігітпін. Бірақ балалық шағым бір жұмбақтың құшағында өтті. Бүгін іштегі шерімді тарқатып, сол жұмбақ жайлы "Алаш айнасы" порталына басымнан өткен жайтты жолдауға бекіндім. Мен отбасының тұңғышы болып өстім. Өзімнен кейін бір ерке інім және қарындасым бар еді.
Қайыршылардың "крышасы" кім? Бүгінде Шымқалада қол жайып, көмек сұрайтын қайыршылар тіптен көбейіп кетті. Бірі көшеде отырса, енді бірі бағдаршамның түбін «тұрғын жай» етіп алған
Күйеуім мені лотереядан ұтып алған... Қазақта «Тең теңімен, тезек қабымен» деген мақал бар ғой. Соның мәніне жас кезімде тереңірек үңілмеппін. Санамды қаузаған сансыз оймен газет оқырмандарымен бөліссем деп едім. Бәлкім, біреу ақыл салар...
Күйеуім суррогат ананың қызметіне келісер емес Бұл дүниеде әйел адамға «Сіз ешқашан бала көтере алмайсыз» деген сөзден ауыр сөз жоқ шығар, сірә. Өйткені ана атану әйелдің ең басты бақыты емес пе? Алайда пешенесіне құрсақ көтеру, еміреніп бала емізу бақытын жазбаған да жандар бар қатарымызда. Жақында үйіме он үш жыл бойы бала сүйе алмай жүрген бөле сіңілім келген еді
Жігіттердің наласына қалмаңдаршы...Ел арасында "Сүйген сұлу емес, сені сүйген сұлу" деген сөз бар. Жастық па, басқа ма, өрімдей кезімізде сол сөзге мән бермей келіппіз. Адам баласы алдағысын болжай алмайды ғой.