Отқа май құйғанмен, діннен шыққан қазақ жоқ Келін босағадан аттап түскенде отқа май құйғызу – қазақтың тәңірлік сенімге иланған кезінен, бәлкім, одан да ертеректен келе жатқан ежелгі дәстүрі.
Шыңғыс ханның құпия шежіресі Шыңғыс хан 1154 жылы, доңыз жылы моғол ішінде Блунилдық деген жерде туыпты. Туғанда бір қолы жұмулы болған соң, кіндігін кескен қатын ашып қараса, уысында қан бар екен, соны ақсақалдар естіп, «көп ел болып, зор хан болып, көп қан төгеді екен» деп болжам қылыпты.
Баламыз қандай мультик көріп жүр?! Осы күні балаларға көретін мультфильм көп. Бірақ ұл-қызымыздың қандай дүниені көріп жатқаны, оның бала психологиясына әсері жайында басымызды қатыра бермейміз. Мультфильмдер кеңес заманында да болды.
Некелі әйелдің жасырын жүрісін түсіне алмаймын... Жанында жұбайы, бауырында балалары бар әйелдердің өзге еркекпен жасырын жүруін мен мүлде түсіне алмаймын, тіпті оны қылмыс деп есптеймін.
Бір жігіттен алданып, бір жігіттен бақыт таптым… Адамның қалағаны емес, Алланың жазғаны болады дегендей, мен де тағдырдан біраз теперіш көрген жанмын. Менің жіберген қателіктерімді келешекте сіңлілерім қайталамаса екен деген ниетпен қолыма қалам алуды ұйғардым.
"Қайтер едік өмірге келмегенде..." «...Өлі балық жолығар өлмегенге, Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде, Өмір деген осындай жаным менің, Қайтер едік өмірге келмегенде...»
Баланы атасы мен әжесінің тәрбиесіне беруге қалай қарайсыз? Қазақта «шалдың баласы» деген әдемі тіркес бар. Яғни, біздегі қалыптасқан дәстүр бойынша отбасының тұңғышын атасы мен әжесінің тәрбиесіне беріп жатады.
Қолтаңбаңды көрсет, мінезіңді айтайын Бүгінгідей жоғары технология қарыштап дамыған заманда бірдеңеге таңғалу мүмкін еместей. Десек те, күнделікті өмірімізде кездесетін кішігірім нәрселердің кейде назарымыздан тыс қалып жататыны бар.
Абысынымның өмірі – ғажап, менің өмірім – азап Ата-енем - екі ұл, бес қыз өсірген көпбалалы отбасы. Мен үйдің кенжесіне тұрмысқа шығып, қара шаңырақта отырмын. Қайынағам отбасымен қалада тұрады. Бес қайынәпкемнің бесеуі де отау құрып, оңаша кеткен. Бірақ оның екеуі біз тұратын ауылда тұрды.
Мұғалімнің махаббаты Ол кезде біз бала едік. Түсінуге болатын нәрселерді түсінуге тырыспадық па, әлде өмірдің өзі солай болды ма екен, әйтеуір көп жағдайды сол қалпында қабылдай салатынбыз.
Жасы кішіге күйеуге тию бақ па, сор ма? Бұрын жасы кіші ер адамға тұрмысқа шығатындар некен-саяқ кездесетін. Және ондай жағдай болған күннің өзінде ешкім оны бадырайтып айтпайтын. Қарап отырсақ, отырған қыздар арасында бүгінгі күні жас жігіттерге күйеуге шығу белең алған сықылды.
Украинада атыс-шабыс тоқтатылады, бірақ "Новороссия" заңдастырылады – И.Илларионов Бүгін бүкіл әлемнің назары геосаяттағы ең маңызды Минскідегі кездесуге ауған. Мұнда Украина, Қазақстан, Ресей, Беларуссия президенттері және Еуропалық одақтың үш өкілі Украина тағдырын шешу үшін бас қосып жатыр.
Балаңыз қисса жаттаса ағылшын тілін тез үйренеді Осыдан бір жыл бұрын маған туған жеңгелерім балаларын ертіп әкеп: – Әй, қайным, мына інілеріңді жазда шет тіліне оқытып бер, – деді.
Амал жоқ, "сожительмен" тұрамын 23 жыл отасқан күйеуіммен ажырастым. Оған себеп – оның ашынасы. Жаныма қатты батқаны – күйеуімнің бар еркелігін де есірлігін де көтерген едім. Тіпті жұмыс та істемеген еш уақытта. Соған қарамастан өзім саудамен айналысып, несиеге көлік алып бердім. Ал ол сол көлігіне отырып алып, көңілдесімен сайран салып жүрген.
Адамға емес айуанға үйленгендер... Бүгінгі таңда «әйел мен әйел, еркек пен еркек үйленді» десе, таңғалмаймыз. Несін айтасыз, «еркек босанып, бала туып алыпты» десе де, біз үшін ол жаңалық емес. Себебі, Тома Бити есімді транссексуал еркектің бала туып алғанын естігенбіз. Енді адам мен адамды қойып, адам хайуанмен үйленді десе, таңғалуға болады.
Кедей кезімді аңсаймын... Газеттегі «Отбасы –ошақ қасы» айдары бүгінде оқырманның ішкі қоясын ақтаратын сырласу алаңына айналғаны анық. Әрі ең оқылымды айдарлардың бірі де. Әр мақаланы оқи отырып, мен де сырымды ортаға салып, ой бөліссем деген ниетпен қолыма қалам алдым. Біреу түсінер, біреу түсінбес... Бірақ бұл менің өмір шындығым...
Жанар-жағармай бағамы бұғаулағанға неге көнбей тұр? Кешелі бері елімізде жанар-жағармайдың бағасы қымбаттады. Бұдан былай дизель отыны - 1 литр үшін 115 теңгені, Аи-80 - 1 литр үшін 89 теңгені, Аи-92/93 - 1 литр үшін 128 теңгені құрайтын болды.
Менің өмірім ит өмір «Адамның тағдыры өз қолында» дегенді бала күнімде газеттен оқығаным есімде. Жасым 30-ға келгенше сол тағдырдың мәні тез байып кету деп қана ұғыппын. Мектепті кілең беске оқымасам да, төрттіктің дәл ортасында жүрдім.
Біз неге қазақша емес, арабша амандасамыз? Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлттық құндылықтарымен бірге қатар ата-баба ұстанған дінімен де қауышты. Құдайға шүкір, бүгіндері еліміздегі мұсылман қауым халқымыздың 70 пайызын құрайды. Осыған байланысты діни мерекелер де қайтадан жаңғырып, мәселен Ораза айтын демалыс күндері де етіп алдық.
Қазақ ғылымы қағазбастылықтан қашан құтылады? Бүгінде «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз дамыған елдерде білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Одан бөлек, магистратура және PhD докторантура бойынша оқып жатқан жастар шетелде тәжірибе алмасып қайтатындығы да қуантарлық жетістігіміз. Алайда, осы шетел көрген жастарымыздың бойында қазақ ғылымының болашағына сенімсіздікпен қарау басым.

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети