30 мамыр 2022 | 09:58

Пәтер бағасы неге әлі өсіп жатыр? Сарапшылар түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Әлихан Сариев Көрнекі сурет: Әлихан Сариев

Қазақстандық сарапшылар пәтерлерді сату айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, елдегі тұрғын үй бағасының неге өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық сарапшылар пәтерлерді сату айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, елдегі тұрғын үй бағасының неге өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы сәуірде сату мәмілелерінің саны 22 пайызға төмендегенін хабарлаған болатын. Сол статистика деректері бойынша 2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірге қарай қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 27,7 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату - 20,3 пайызға өсті.

Неліктен пәтер бағасы төмендемейді?

Қазақстан Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов бұған дейін ол мамыр-маусым айларында экономкластың бастапқы жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуін болжағанын атап өтті, себебі нарықтың өзінде тоқырау әлі де болып жатыр. Жылжымайтын мүліктің бағасы 10 пайызға төмендеуі керек еді. Алайда, бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша кеңейіп келе жатқан Алматыда жастарға арналған тұрғын үйге жеңілдікпен кредит беру бағдарламасының (Алматы жастары - еск.) басталғаны туралы жақында хабарландыру нарықтағы негізсіз және алыпсатарлық дүрлікпе бастапқы, ал одан кейінгі тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуіне ықпал етеді.

"Көктемнің басында болған девальвациялық процестер де әсер етеді, ол кезде доллар бағамы 500 теңгеге дейін жеткен еді. Бастапқы тұрғын үйлер, яғни жаңа пәтерлердің бағасы негізсіз өсіп кетті, ол қайталама тұрғын үйдің шаршы метрінің индексі жоғары көтерілуіне әсер етті. Салдарынан былтыр сәуір-мамыр айларындағы бағалармен салыстыру кезінде баға 20-дан 30 пайызға дейін өсуі байқалды. Бүгінде мәмілелердің тоқырауы жалғасып жатыр, бірақ экономикалық класстың танымал санатында нүктелік сипаттағы мәмілелер бар. Статистика жүргізген кезде олар жылжымайтын мүлік порталдарында көрсетілген бағаларға қарайды. Онда бағалар, әдетте, жоғары көрсетіледі, себебі сатушы мен сатып алушы арасындағы жеке келіссөздер кезінде шаршы метрдің құны әлдеқайда арзан болады. Бізде жарнама құны бір, ал пәтерді сату кезінде ол 20-25 пайызға төмен көрсетілген жағдайлар болды. Сатушылар нарықты тексеру үшін тұрғын үйді жоғары бағамен жиі қояды", - деді Ермек Мүсірепов.

Ипотека шарттарына байланысты тұрғын үй нарығы құлдырап жатыр

Қазақстан Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті былтыр жыл соңында және биыл жыл басында жылжымайтын мүлік нарығында зейнетақы жинақтарының артық болу есебінен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне байланысты дүрлікпе байқалғанын айтты. Шаршы метрдің құны өсті. Сондай-ақ, тұрғын үй "7-20-25" сияқты ипотекалық бағдарламалар бойынша белсенді сатып алынды. Бүгінде керісінше, тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің төмендеуіне ықпал ететін бірден үш фактор байқалады.

Біріншіден, девальвация және инфляция, халықта қаражаттың болмауы. Екіншіден, зейнетақы қаражатын іс жүзінде пайдалануға болмайтын жеткіліктілік шегінің өзгеруі. Үшіншіден, "7-20-25" бағдарламасы бойынша активтерді пайдалану бойынша белсенділіктің аздығы және бағдарламадағы бюджеттің таусылуы. Мұның бәрі, сарапшының ойынша, нарықтың тоқырауына әкеледі және ерте ме, кеш пе тұрғын үй бағасына әсер етуі керек.

"Бүгінде ипотека алу үшін жасалған жағдай тиімді емес, екінші деңгейлі банктерде ол жоғары мөлшерлемеге байланысты қымбаттады. Бірақ жылжымайтын мүлік нарығындағы 10 мәміленің 9-ы дәл осы ипотекалық қаражат есебінен жасалады. Тіпті элиталық жылжымайтын мүлікті қазір үнемді тұрғын үйді айтпағанда, несиелер арқылы сатып алады. Мамырдың соңына дейін тұрғын үй бағасының өсуі тоқтап қалды және барлығы шаршы метрдің құнын түзету нұсқаларын қарастырып жатыр. Сатып алушылар тарапынан сұраныстың төмен болуы бағаны төмендету жағына қарай түзетуге әсер етеді. Бұл бастапқы және қайталама тұрғын үйлерге қатысты", - дейді сарапшы.

Хабарландыруда бағаны жоғары көрсетеді

Тағы бір сарапшы, Біріккен риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко Қазақстан бойынша тұрғын үй нарығындағы белсенділік айтарлықтай төмендеді деген оймен келіседі. Ай әлі аяқталған жоқ және ол бойынша статистика әлі жоқ, бірақ сарапшы сәуірмен салыстырғанда мәмілелер саны 50-60 пайызға немесе одан да көп төмендейді деп болжап отыр. Бірақ мәмілелер саны ғана емес, сатып алушылардың қоңыраулары мен объектілердің көрсетілімдерінің төмендеуі байқалады. Бұл құлдырау үрдісі алдағы айларда да болады дегенді білдіреді.

"Соңғы айда жылжымайтын мүлік бағасы өзгерген жоқ. Бұл жерде әңгіме мәмілелердің бағалары туралы болып отыр. Көптеген талдаушы жарнамалардағы бағаларды ескере отырып ақпарат береді, соның ішінде мұндай аналитиканы жариялайтын негізгі жылжымайтын мүлік порталы сатушының қалауы бойынша осындай талдау мен жарияланымдар жасайтынын түсінуі керек. Шын мәнінде мәмілелердің өзінде, кез келген жағдайда, қаланың кейбір аудандарындағы қайталама жылжымайтын мүлік үшін баға төмендеді. Былтыр жыл бойы баға тек ай сайын өсті. Бұған көптеген себеп бар: пандемия кезеңінде қалыптасқан шаршы метрге сұраныстың артуынан бастап, инфляцияның жоғары деңгейіне және нарықты БЖЗҚ-дан ақшамен толықтыруға дейін", - дейді Нина Лукьяненко.

Бағаның өзгеруін болжау оңай емес

Риелторлар қауымдастығы өкілінің айтуынша, жылжымайтын мүлікке сұраныс артып келеді, әсіресе, БЖЗҚ-дан қаражатты шығару мүмкіндігінен кейін сатып алушылардың қарасы көбейді. Дәл қазір нарықты алда не күтіп тұрғанын болжай алмаймыз, себебі ол сұранысқа, сондай-ақ, валюталардың ауытқуы, елге көрші мемлекеттер азаматтарының келуі сияқты жағдайларға байланысты. Риэлтордың айтуынша, жылжымайтын мүлік үлкен экономика мен саясаттың бір бөлігі ғана. Оған Конституция бойынша алдағы референдум сияқты факторлар да әсер етеді, ал кейбіреулері оның нәтижелерін күтіп, келісімдерді тоқтатты. Алдын ала болжам бойынша, инфляцияның жоғары деңгейі бағаның айтарлықтай төмендеуіне жол бермейді.

"Инфляция деңгейі тежелген жағдайда баға өсуінің тоқтауын күтуге болады. Жылжымайтын мүлік те кез келген тауар сияқты, егер бәрінің бағасы көтерілсе, онда пәтерлердің бағасы кенеттен төмендейді деп болжау қиын, ол да қымбаттайды. Осы тұста қолданысқа беріліп қойған жылжымайтын мүлік туралы айтқым келеді. Олардың бағасы тым қымбат, нарыққа сай емес. Мысалы, жаңадан соғылған үй мен осыдан бес жыл бұрын тұрғызылған үйдің бағасы бірдей болып тұр. Бұл таза парадокс қой", - деп қосты Біріккен риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі.

Үй алудың уақыты келді ме?

Нина Лукьяненконың айтуынша, жылжымайтын мүлікті сатып алушы үшін қазір сатушымен белсенді іздеу мен келіссөздер жүргізудің тиімді уақыты келді. Тиімді мәмілелер көп жағдайда сатушыға тікелей байланысты, сондықтан әр жағдайды бөлек қарастыру керек. Кейбір сатушылар мүлік бағасын нарықтағы құнынан төмен ұсынуы да мүмкін, бұл оның үйді дереу сатуға мәжбүр болғанын көрсетеді.

Мәмілелер сатушы беруге дайын болған жерде болады, бағаны сатушылар ұқсас нұсқаларды сұрайтын бағадан әдейі төмен қоюға дайын. Көбіне бұл сатушы тез арада тұрғын үйді сатуға мәжбүр болған жағдайларда болады.

Дегенмен, сатушылар бағаны төмендетуге моральдық тұрғыдан әлі дайын емес. Неге десеңіз, олар нарықтағы қарсыластарымен санасуы керек. Олардың басым бөлігінің өзі болашақ мүлік сатып алушылар екенін естен шығармаған абзал, сондықтан олар ешқашан өз мүліктерін арзанға сатпайды.

Материал авторы: Tengrinews.kz тілшісі Светослав Антонов 

Аударған: Сымбат Сатыбалдина

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети