Пәтерін жалға берген азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәтерін жалға берген азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме? Иллюстрациялық сурет: smi44.ru

Қазір пәтерін жалға беріп, оны табыс көзіне айналдырып отырған адам көбейген. Мұндай кәсіппен айналысатындар дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек пе? Заңгер Бауыржан Сералин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір пәтерін жалға беріп, оны табыс көзіне айналдырып отырған адам көбейген. Мұндай кәсіппен айналысатындар дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек пе? Заңгер Бауыржан Сералин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БЖТ төлеуші болу

Маманның айтуынша, мынадай шарттар орындалса, сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емессіз:

  • сізге жұмыс істейтін қызметкер жоқ;
  • пәтеріңізді тек жеке тұлғаға жалға беріп отырсыз;
  • сіздің жылдық кірісіңіз 1175 АЕК-тен, яғни 4 053 750 теңгеден аспайды.

Бұл ретте тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беретін адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды. Тұрғын үй - белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй бірлігі.

БЖТ төлейтін азамат тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайды жалға бере алмайды. Яғни БЖТ төлеушіге мүлікті заңды тұлғаға жалға беруге тыйым салынады.

"Осындай жағдайлар болса, сіз ҚР Салық кодексінің 774-бабында көрсетілген бірыңғай жиынтық төлемді төлей аласыз. Бұл төлемді егер сіз қалада тұратын бослаңыз айына 1 АЕК(3 450 теңге), ал ауылды жерде тұратын болсаңыз 0,5 АЕК(1 725 теңге) мөлшерінде жасайсыз", - дейді заңгер.

@bauyr_ser Надо ли регистрироваться в качестве ИП, если вы сдаете квартиру в аренду? Пәтерді жалға беретін болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттісіз бе? #заңгер #юрист #қазақшазаңгер #құқықтықкеңес #юридическаяконсультация #LSgroup ♬ оригинальный звук - Бауыржан Сералин
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети