Қанша уақыт өткеннен кейін айыппұлды төлемеуге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанша уақыт өткеннен кейін айыппұлды төлемеуге болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматылық жүргізушілер бұдан бірнеше ай бұрын Сергек камерасына түскен жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлды енді алғанын айтып, шағымданып жатыр. Massaget.kz бұл сұрақтардың жауабын алу үшін Ішкі істер департаментіне сауал жолдады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық жүргізушілер бұдан бірнеше ай бұрын Сергек камерасына түскен жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлды енді алғанын айтып, шағымданып жатыр. Massaget.kz бұл сұрақтардың жауабын алу үшін Ішкі істер департаментіне сауал жолдады. 

Алматылық жүргізушілер әлеуметтік желілерде кешігіп келген айыппұлдар туралы ақпаратты таратып жатыр. 

Оқырмандардың бірі қазанда жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл желтоқсанда келгенін айтты. Оның айтуынша, қарашада айыппұл жол ережесін бұзған күні келген. 

Ішкі істер департаменті Massaget.kz редакциясының сауалына жауап берді. 

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің нормаларына сәйкес, құқықбұзушылық жасалған күннен бастап 2 айдан кейін әкімшілік құқықбұзушылыққа тартудың мерзімі ескіреді. Сонымен қатар егер жүргізуші 2 ай ішінде айыппұл бары туралы тиіс түрде хабардар етілсе, айыппұлды төлеу қажеті туралы келіп түскен ұйғарым міндетті түрде орындалуға тиіс. Егер жауапкершілікке тарту мерзімі аяқталған болса, ондай жағдайда ақпараттық жүйе айыппұл туралы ұйғарымды жөнелтпейді", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, егер бұзушылық тіркелген сәттен бастап 2 ай ішінде көлік иесіне ӘҚБтК-нің 743-бабының 4-1-бөлігінің талаптарына сәйкес хабарланбаған болса, ол айыппұлды төлемеуге құқылы. Яғни айыппұл төлеу қажеті туралы ұйғарым ӘҚБтК-нің 741-бабының 5-бөлігінде көзделген ескіру мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес егер әкімшілік құқықбұзушылық автомат режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен тіркелген болса, көлік иесі айыппұл төлеу қажеті туралы ұйғарым тиісінше жеткізілген сәттен бастап, 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын айыппұл төлеуге құқылы.

"Ал техникалық қамтамасыз ету және азаматтарға хабарламаны уақытылы жөнелту мәселесі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзыретінде", - делінген жауапта. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети