Қарашада кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарашада кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылды? Midjourney

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарашада электрон еңбек биржасында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарашада электрон еңбек биржасында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынады.

"Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы (орта есеппен 1,3 миллион теңгеден бастап), талдау қызметінің бастығы (шамамен 1,2 миллион теңге) және ұшқыштар (шамамен 1,1 млн теңге) сұрады", - делінген хабарламада.

2024 жылдың қарашасында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланған, яғни жұмыс берушілердің де, ізденушілердің де белсенділігі құлдырау динамикасын жалғастырды. Қазанмен салыстырғанда бос орындар саны 22 пайызға (26,7 мыңға) азайды, ал түйіндеме саны 14 пайызға (14,3 мыңға) азайған.

"Сұраныстың күрт төмендеуі негізінен жылу саласы жұмыскерлерінің қажеттілігінің төмендеуімен байланысты. Қазандық операторлары арасында айтарлықтай төмендеу болды – қазан айында 7 мыңнан қараша айында 500-ге дейін, қазандық машинистері – 2,3 мыңнан 408-ге дейін, сондай-ақ от жағушылар – 6,3 мыңнан 805-ке дейін төмендеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети