Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бюро мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елде 20 316 155 адам болған.

Қазақстандағы ең халқы көп өңірлер Алматы қаласы мен Түркістан облысы: бұл өңірлерде тиісінше 2 300 876 және 2 154 130 адам тұрады.

Халқының саны 1 миллионнан асқан бес өңір бар:

  • Алматы облысы – 1 566 257 адам,
  • Астана – 1 544 142 адам,
  • Шымкент – 1 261 709 адам,
  • Жамбыл облысы – 1 221 439 адам,
  • Қарағанды облысы – 1 133 524 адам.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, қала және ауыл халқының арақатынасы келесідей:

  • қалаларда – 12 813 769 адам,
  • ауылдарда – 7 502 386 адам тұрған.

Жыл басымен салыстырғанда ауыл халқы шамамен 8 мың адамға азайған, ал қала халқы 40 мыңнан астам адамға артқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети