Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Midjourney

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметке сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша елде 20 333 530 адам бар.

Алматы (2 305 765 адам) және Түркістан облысында (2 154 308 адам) шамамен 4,5 миллион қазақстандық тұрады.

Алматы облысында (1 568 757) және Астанада (1 551 213) 1,5 миллионға жуық адам тұрады. Бұл ретте елорда халық өсімі бойынша республикада алдыңғы орында тұр – 1,47 пайыз.

Миллионнан астам адам Шымкентте (1 264 492 адам), Жамбыл (1 221 100 адам) және Қарағанды (1 133 436 адам) облыстарында тұрады.

12 833 140 адам – қалада, ал 7 500 390 адам – ауылда тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети