Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін: қайта есептеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін: қайта есептеу басталды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын қайта есептеу басталды. Баға белгілеу моделі өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмектің құны төмендеуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

"Дәрілерге баға белгілеу моделі өзгерді. Негізсіз қойылған бірқатар үстеме баға алып тасталды", - деді Нұрлыбаев ОКҚ брифингінде.

Шенеуніктің айтуынша, маркетинг, көлік, кеден және басқа да үстемақылар алып тасталған. Енді бір ғана үстемеақы қолданылады, яғни өндірушінің бағасына ғана қосылады.

"Үстеме баға дәріні өндіруші зауыттың құнына ғана қосылады. Осы модель сыналғанын ескере отырып, 1 шілдеге дейін Қазақстан аумағында тіркелген дәрі-дәрмектер қайта есептеледі", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети