Қазақстанда ең қымбат VIP-нөмір қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең қымбат VIP-нөмір қанша тұрады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ең арзан және ең қымбат сұранысқа ие көлік нөмірлері қанша тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең арзан және ең қымбат сұранысқа ие көлік нөмірлері қанша тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, сұраныстағы ең арзан мемлекеттік тіркеу нөмірлері (VIP нөмірлері) 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болып табылады. Олардың құны 57 АЕК (210 330 теңге) болады.

Құны бойынша келесі орында: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілеу нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Мұндай нөмірлердің құны - 114 АЕК (420 660 теңге).

Келесі: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 800, 888, 900, 999. Олардың құны - 137 АЕК (505,530 теңге) .

Сандық белгілеу нөмірінің бағасы бойынша, келесі орында 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Құны 194 АЕК (715 860 теңге) болады.
 
Бұдан кейін, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Құны - 228 АЕК (841 320).

Ең қымбат VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгілеулері болып табылады. Олардың құны - 285 АЕК, яғни 1 051 650.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети