Қазақстанда ең төменгі жалақы мен АЕК қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең төменгі жалақы мен АЕК қалай өзгерді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептік көрсеткіштер мөлшері өзгерді: ЕТЖ, АЕК және зейнетақы. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептік көрсеткіштер мөлшері өзгерді: ЕТЖ, АЕК және зейнетақы. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) деген не?

АЕК жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін қолданылады.

Сонымен қатар, АЕК мыналар үшін қажет:

  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу;
  • айыппұлдар мен басқа да санкциялардың мөлшерін анықтау.

Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

2025 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері қандай болады?

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК 6,1 пайызға – 240 теңгеге өсті.

Қазақстанда 2025 жылы ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейі

АЕК-тен басқа, республикалық бюджет туралы заңда базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі жалақы (ЕЖТ), ең төменгі зейнетақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.

Қазақстандағы 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштер

  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге;
  • Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге;
  • Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге;
  • Ең төменгі жалақы (ТЖМ) – 85 000 теңге.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети