Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді Фото ©️ Турар Казангапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы құжатқа сәйкес:

  • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 35 пайызы, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерінде айқындалсын.

Азаматтардың мұқтаждықтарын анықтаудың дәлдігін арттыруға және өңірлік ерекшеліктерді ескеруге бағытталған өзгерістер енгізілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті департаменттерге Әділет министрлігінде бұйрықты тіркеуді, оны ресми дереккөздерде жариялауды, сондай-ақ ведомствоның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етуді міндеттеді.

Бұйрық 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети