Қазақстанда көлікті техникалық байқау тәртібінде не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлікті техникалық байқау тәртібінде не өзгереді? Фото: Freepik

Қазақстанда автомобильдерді техникалық байқау операторларына бақылауды күшейту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автомобильдерді техникалық байқау операторларына бақылауды күшейту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Көлік министрлігі мәліметінше, бұған дейін техникалық байқау орталығының ашылуы жабдықтар мен білікті персоналдың болуын растамай, тек аймақтық инспекцияларды хабардар етуді талап еткен.

Комитет берген ақпарат бойынша, бұл өзгерістер жосықсыз операторларды нарықтан шығарып тастайды.

"Бұл заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге техникалық байқау орталықтарын ашуға рұқсат алу, сондай-ақ стандарттарға сәйкес келетін ғимараттың, тиісті сертификатталған жабдықтың және білікті мамандардың болуын растау қажет", - деді ведомство өкілдері.

Заңға тәуелді актілерге өзгерістер биылғы қарашаның ортасына дейін жалғасатын жария талқылауға орналастырылған.

Қазіргі операторларға материалдық-техникалық базаның болуын растау үшін алты айға кейінге қалдыру нормасы берілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети