Қазақстанда несие берудің жаңа ережелері: қаржы реттеушісі түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда несие берудің жаңа ережелері: қаржы реттеушісі түсіндірді Фото:depositphotos.com

Бұған дейін Қазақстанда онлайн-қарыздарға қатысты "шешім қабылдау кезеңі" енгізілетіні хабарланған болатын. Енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жаңа ережелердің толық тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейін Қазақстанда онлайн-қарыздарға қатысты "шешім қабылдау кезеңі" енгізілетіні хабарланған болатын. Енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жаңа ережелердің толық тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл бастаманың мақсаты, агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қарыз алушыға ойланып шешім қабылдауға уақыт беру және соның нәтижесінде асығыстықпен қарыз шартын жасасу немесе алаяқтық схемаларға іліну ықтималдығын азайту.

"Шешім қабылдау кезеңі" 

Заңды іске асыру үшін агенттік басқармасы онлайн берілетін тұтынушылық кепілсіз қарыздар бойынша мынадай шешім қабылдау тәртібін қабылдады:  

  • 150 АЕК-тен (589 800 теңге) 255 АЕК-ке (1 002 660 теңге) дейінгі сома кезінде банктік қарыз шартын жасасқаннан кейін кемінде 8 сағат;
  • банктік қарыз сомасы 255 АЕК-тен (1 002 660 теңге) жоғары, 75 АЕК-тен жоғары микрокредит (294 900 теңге) сомасы кезінде кемінде 24 сағат;
  • қарыз алушыға ақшаны аударуға тек белгіленген шешім қабылдау кезеңі өткеннен кейін оның кредит беруге келісімін алғаннан соң рұқсат етіледі.

Банктер мен МҚҰ қарыз алушыға 1 күн ішінде жалпы сомасы көрсетілген лимиттерден асатын бірнеше кредит берілген жағдайда шешім қабылдау кезеңін сақтауға міндетті.

Бұл ретте шешім қабылдау кезеңі тауарлық кредиттер беруге, ішкі қайта қаржыландыруға және төлем картасы бойынша лимит (150 АЕК дейін) шеңберінде қарыздарға қолданылмайды.

Қарыз алушы шешімін өзгертсе не болады?

Егер қарыз алушы шешім қабылдау кезеңінде кредит алу туралы шешімін өзгертсе, қарыз шарты жойылады және оған кредит қаражаты аударылмайды.

Шешім қабылдау кезеңі тек онлайн-қарыздар үшін қолданылады және азаматтарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған. Қарыз алушыға кредит қаражаты шұғыл қажет болған жағдайда, ол кез келген уақытта  банктің немесе МҚҰ бөлімшесіне жүгіне алады және  қарызды шешім қабылдау кезеңін қолданбай ресімдей алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети