Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша көлік тіркелген? Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 579,4 мыңға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 579,4 мыңға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1 пайызға өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады, оның 88 пайызы - жеңіл автомобильдер, 9,9 пайызы - жүк көлігі және 2,1 пайызы - автобустар.

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдердің үлесі автопарктің - 6,2 пайыз, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі - 13,1 пайыз, 7-ден 10 жылға дейін - 11,9 пайыз, 10 жылдан 20 жылға дейін - 23,8 пайыз, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдердің үлесі - 44,8 пайыз. Айта кетейік, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналардың үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекке) 50,8 пайыз болған.

Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп. Тиісінше 206 мың және 361 мың, одан кейін Жамбыл - 190,5 мың бірлік, Қарағанды - 183,3 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облыстарында - 177,3 мың бірлік. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети