Қазақстанда шайн мускат жүзімі сараптамадан өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шайн мускат жүзімі сараптамадан өткізілді Фото:depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша, республикалық өсімдіктер карантині орталығында танымал шайн мускат жүзімінің үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша, республикалық өсімдіктер карантині орталығында танымал шайн мускат жүзімінің үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында шайн мускат жүзімінің үлгілерін зерттеді. Қорытындыға сәйкес, карантиндік зиян организмдер анықталмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РМК-ның Абай облысындағы филиалы (Қытаймен шекарада) шайн мускат жүзімінің нитрат құрамын зерттеген. Зерттеу нәтижесінде өнімдегі нитрат мөлшері келісіне 13,7 миллиграммды құраған, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген деңгейге сәйкес келеді.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министріне шайн мускат жүзімінің қауіпсіздігі туралы сұрақ қойылған болатын. Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, министр Айдарбек Сапаров Қазақстанға импортталатын барлық өнім міндетті түрде бақылаудан өтетінін айтты. Сонымен қатар, ол өзі бұл жүзімнің дәмін көрмегенін, бірақ қосымша тексеру жүргізуді ұсынғанын жеткізді: "Тағы бір рет тексерейік", – деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети