Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі Фото:depositphotos.com

Қазақстанның Ұлттық банкі шетел валютасымен жасалатын операциялардағы алыпсатарлық тәуекелдерін болдырмау үшін резидент еместердің банк операцияларын бақылауды күшейтуге бағытталған қаулы жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ұлттық банкі шетел валютасымен жасалатын операциялардағы алыпсатарлық тәуекелдерін болдырмау үшін резидент еместердің банк операцияларын бақылауды күшейтуге бағытталған қаулы жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатқа сәйкес, түзетулердің мақсаты – банктердің клиенттерінің валюталық операциялары бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін қысқартып, валюталық нарықтағы жағдай туралы өзекті ақпаратты алу, оны кейіннен талдау және қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдау үшін қамтамасыз ету.

Бұрын есеп беру мерзімі есепті айдан кейінгі айдың 15-іне (қоса алғанда) дейін ай сайын белгіленетін. Енді есептер есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылуы ұсынылады.

Сонымен қатар, банктердің есеп беру нысанын түзету мерзімін бір айдан үш күнге дейін қысқарту ұсынылады.

Резидент еместердің конверсиялық операцияларына бақылауды күшейту ұсынылады. Бұл – шетел валютасына деген алыпсатарлық сұранысты болдырмау және резидент еместердің қатысуымен түрлі схемалар арқылы валюталық заңнаманы айналып өтудің алдын алу мақсатында тенге өтімділігінің көздерін тексеруге бағытталған.

Резидент еместердің шетел валютасын теңгеге айырбастау операциялары экономикалық негізделген көздерден (мысалы, резиденттерге тауарлар мен қызметтер сату немесе Қазақстандағы дивидендтер алу) алынған жағдайда стандартты режимде жүргізілетіні атап өтілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети