Қазақстанда жаңа мереке күндері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа мереке күндері пайда болды Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды:

  • Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
  • Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
  • Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.

Сонымен қатар, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні аталған тізімнен алып тасталды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети