Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем артады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен төлемдерді арттыруға Үкімет 800 миллиард теңге қарастырған. Бұл туралы Сенатта премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мен төлемдерді арттыруға Үкімет 800 миллиард теңге қарастырған. Бұл туралы Сенатта премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл шаралар салық бойынша өзгерістер мен инфляция жағдайында азаматтардың осал топтарын қорғауға бағытталған.

"Зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді индекстеуге шамамен 800 миллиард теңге қарастырдық. Бюджеттің бұған мүмкіндігі жетеді, сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үлкен өзгеріс болмайды деп ойлаймын", - деді Жұманғарин Сенат отырысында.

Сондай-ақ, шенеунік I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін салық салынбайтын табыс мөлшері айына 289 мыңнан 1,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл 350 мың адамға 12 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден аса зейнетақы төленгені хабарланды. 

Соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 181,2 млрд теңге бөлінген. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети