Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер аталды Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы (Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Алматы және Жетісу облысы - еск.ред.).

Бұл ретте, 30 қазанда магнитудасы 4,5 жер сілкінісі тіркелген Қарағанды облысы, сондай-ақ 27 шілдеде сейсмикалық оқиға болған Қостанай облысы сейсмикалық қауіпті өңірлер тізіміне кірмейді.

ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының" мәліметтері бойынша, 1965 жылдан бастап бұл аймақтарда 9-дан аспайтын шағын энергетикалық класы бар жүздеген оқиғалар тіркелген. Ерекше жағдай 2003 жылы болды, 11.2 класы. Бірақ бұл жер сілкіністері бұл аймақ үшін "фондық". Олар қауіп төндірмейді. Бұл табиғи құбылыс, геологиялық процесс жүріп жатыр. Бұл аймақтар үшін энергетикалық класы 8 және 9 болатын жер сілкінісі фондық, ал кіші класс одан да жиі тіркеледі. Олар сезілмейді, оларды сейсмикалық датчиктер тіркейді", - деп түсіндірді ТЖМ.

Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді.  Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы 3 балл
  • Талғар 4 балл
  • Есік 4 балл
  • Түрген 3.0 балл
  • Өтеген-Батыр 3 балл
  • Боралдай 2 балл
  • Маловодное 2 балл
  • Ж.Қайыпов 2 балл
  • Алатау (Жетіген) 2 балл
  • Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети