Қазақстандағы су үстінен өтетін ең ұзын көпір қашан ашылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы су үстінен өтетін ең ұзын көпір қашан ашылады? Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігі Tengri Auto сұрауына берген жауапта, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің аралық құрылыстары, тіректерін салу және металл конструкцияларын орнату жұмыстары толық аяқталғанын хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік министрлігі Tengri Auto сұрауына берген жауапта, бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің аралық құрылыстары, тіректерін салу және металл конструкцияларын орнату жұмыстары толық аяқталғанын хабарлады.

Бұқтырма Қазақстандағы ең ірі су қоймасы саналады, сондай-ақ ауданы бойынша әлемдегі ең ірі жасанды су қоймаларының ондығына кіреді - Зайсан көлін қоса алғанда, 5490 шаршы шақырым. Ол Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС бөгеті арқылы қалыптасқан.

Министрлік көпірдің жол төсемінің 60 пайызы және 19,9 шақырымдық кірме жолдардың 40 пайызы асфальтбетонмен жабылғанын хабарлады.

"Келесі айдың аяғында автокөлік құралдарына жолды ашу жоспарланған. Жол ашылғанға дейін көлік министрлігінің мамандары көпірде қажетті тест жұмыстарын жүргізеді. Екі жолаққа есептелген автомобиль көпірі Қазақстандағы су бетінен өтетін ең ұзын көпір болады, оның ұзындығы 1316 метр, ал өткізу қабілеті жылына 80 мың автомобильге жетеді", - деді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети