Қазақстандағы тасжолда алғаш рет реверсивті жолақ пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы тасжолда алғаш рет реверсивті жолақ пайда болады Фото: Көлік министрлігі

Ақмола облысында Көкшетау – Зеренді тасжолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, - деп жазады Tengri Auto.


Ақмола облысында Көкшетау – Зеренді тасжолының бір бөлігінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, - деп жазады Tengri Auto.

Жоба аясында жолдың ені 7 метрден 11 метрге дейін кеңейеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, үш жолақты қозғалыс жүйесі іске қосылып, оның бір жолағы реверсивті болады. Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе жазғы маусымда қозғалыс қарқындылығы артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деп күтіледі.

Фото: depositphotosФото: depositphotos

"Жазғы уақытта Зеренді курорттық аймағына баратын көлік саны артатыны сөзсіз. Жөндеу жұмыстары 47 шақырымды қамтиды. Қазір жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүріп жатыр", – деді вице-министр Мақсат Қалиақпаров.

Реверсивті жол – тәулік уақытына немесе кептелістерге байланысты қозғалыс бағыты өзгеруі мүмкін жол немесе жолдағы бөлек жолақ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети