Қазақстандық байланыс операторы тарифтердің көтерілуін түсіндіруге мәжбүр болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық байланыс операторы тарифтердің көтерілуін түсіндіруге мәжбүр болады Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтарға Beeline байланыс операторынан (ЖШС "КаР-Тел") үй интернеті тарифтерінің едәуір қымбаттайтыны туралы хабарлама келді. Осыған байланысты жағдайды түсіну үшін Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (БҚДА) жүгінді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға Beeline байланыс операторынан (ЖШС "КаР-Тел") үй интернеті тарифтерінің едәуір қымбаттайтыны туралы хабарлама келді. Осыған байланысты жағдайды түсіну үшін Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (БҚДА) жүгінді.

Ведомство бұл жағдайды зерттейтінін мәлімдеді.

"2025 жылғы ақпаннан бастап ЖШС "КаР-Тел" ұсынатын сымды интернет (үй интернеті) тарифтерінің өзгеруіне қатысты шағымдардың түсуіне байланысты оператордан заңнамаға сәйкес тиісті ақпарат талап етіліп, бұл мәліметтер бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеледі", – деп жауап берді БҚДА Tengrinews.kz редакциясының сұрауына.

Егер нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталса, агенттік тиісті антимонополиялық шаралар қабылдайтынын атап өтті.

"Кәсіпкерлік кодексінің 216-бабына сәйкес, антимонополиялық орган өз өкілеттігі шеңберінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тергеп, тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Тергеу дегеніміз – заңнаманы бұзуды растайтын немесе теріске шығаратын деректерді жинауға бағытталған іс-шаралар кешені", – делінген жауапта.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети